astana-view

Абылай Мырзахметов: Жыл соңына қарай елдің әрбір өңірінде аумақтық кластер жұмыс жасауға тиіс

2014 жылғы 04 Маусым
4536 просмотров

Жұмыстың негізгі бағыттарын ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен және бизнес-құрылымдар өкілдерімен өткен жиналыста айтып өтті. Негізгі назар кластерлеуге бөлінді. «Біз жаңа жылға қарай әрбір өңірде аумақтық кластер ашылатындай жұмыс жасауымыз керек. Интегратор, ортақ байланыстырушы тізбек Кәсіпкерлер палатасы болады. Біздің интеграцияланған өндірістердің қандай тізбегін құра алатынымызды нақты түсінуіміз керек», - деп атап өтті ол.

Алматы облысының ауыл шаруашылықты өңір екендігі бізге белгілі. Жеміс-көкөністі өнімнің 80%-ға жуығы экспортталады. Заманауи жылыжай технологияларының базасында жеміс-көкөніс кластерін құрғанымыз пайдалы болады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 5-6 ұстаным бойынша азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін алға қойған, ол үшін Алматы облысының аграршыларының әлеуеті жеткілікті.   

ҰКП Басқарма Төрағасы сонымен қатар жиналғандарға ҮИИД-2 мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді, ол келесі жылдың басынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр. Бағдалама біршама жинақы және ұғынықты. Оның жүзеге асырылуына 6,5 трлн теңге бөлінеді деп күтіліп отыр.

Алматы облысында қандай кәсіпорындарға қолдау көрсетілетіндігін Өңірлік Үйлестіру Кеңесі шешетін болады. Биыл Алматы облысында Индустриаландыру картасы бойынша 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, олардың арасында фармацевтикалық зауыт пен құс фабрикасы бар. 2015 жылы тағы да 2 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.

Абылай Мырзахметов түсіндіріп кеткендей, барлық өңірлер іс жүзінде бір мәселені көтереді – қаржылай қаражаттың қолжетімділігі. Кәсіпкерлерде 3 арна бар -  банкілер, бюджет және даму институттары, соның ішінде «ҚазАгро» және «Бәйтерек» ҰБХ, дей тұрғанмен, бизнесмендердің тиесілі қаржыландыруды алуы өте қиын.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының ойынша, жағдайды түбегейлі өзгертетін уақыт жетті. Банктер – олар да ҰКП мүшелері, алайда, өздерінің баға саясатын таңа отырып, айыппұлдарды қолдана жүріп, олар бизнеске қысым көрсетуде. Жүйені өзгерту қажет.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы проблеманы шешудің екі тәсілін ұсынады. Бірінші – 20 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан түрік тәжірибесі бойынша арнайы Қор құру. Келесі нұсқа – кредиттік серіктестіктерді белсенді түрде дамыту.

Сонымен қаттар, Абылай Мырзахметов өңірлік бизнесмендерге облыс әкімшілігі жанындағы кеңесуші органдар жұмысына кірісе отырып, мемлекеттік билікпен сұхбатты белсенді түрде жүргізуге кеңес берді. Жергілікті билік пен бизнес арасындағы сұхбат әріптестік деңгейінде жүруге тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер