astana-view

Тимур Құлыбаев: Солтүстік Қазақстан облысында даму үшін жақсы потенциал бар

2014 жылғы 23 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
11023 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І Құрылтайы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев келді.

Жұмыс сапары Қызылжар ауданы Новоникольск ауылындағы «Зенченко и К» КС танысудан басталды. Келесі кезекте өңірдің ең ірі өндірістік кәсіпорындарының бірі «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да болды. Бұл жерде мұнай-газ ұңғымаларын  күрделі және жер асты жөндеу үшін көтергіш қондырғыларды, әртүрлі арнаулы техникаларды, аспаптық өндірістегі өнімдерді және т.б. шығарады.

Нысандарға барып келгеннен кейін СҚО кәсіпкерлігімен өткізілген кеңесте ҰКП Төралқа Төрағасы ұзақ мерзімді шарттарды жасаудың маңыздылығын айтып өтті. Оларсыз өндірістің серпінді дамуы өте қиын.

«Біз жаңа ғана Петропавл ауыр машина жасау зауытында болдық. Оларда өнімдерді өткізу проблемасы бар. Өнімдері бәсекеге қабілетті, сапалы, сәйкес баға ауықымында. Өткізу нарығымен көмек көрсету керек. Бұл әсіресе бірыңғай Еуразиялық экономикалық кеңістік жағдайында өте маңызды. Мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрі бар, соның ішінде экспорт бойынша қолдау көрсету. Мәселе зауыт өзінің өнімдерін Қазақстан ішінде де, шетелге де жеткізе алатындай етіп, оларды іске қосуда болып отыр. Жергілікті өндірушілерге көмек көрсетеміз», - деді Тимур Құлыбаев.

Жуырда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қол қойған келісімнің арқасында отандық кәсіпкерлер қордың сатып алу жүйесіне белсенді қатыса алатынын, ал ұзақ мерзімді келісімдерді жасау отандық тауар өндірушілерді, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді қолдау бойынша стратегиялық шара ретінде қолдануға болатындығын ҰКП Төралқа Басшысы еске салып кетті. Бұл ретте Тимур Құлыбаев Солтүстік Қазақстан облысының потенциалын атап өтті.

«Сіздерде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, даму институттары, индустриалды зонадағы түрлі жобаларды жүзеге асырудың тәжірибесі бар. Жақсы потенциал бар, әсіресе машина жасау бойынша», - деді Тимур Құлыбаев. – Бұл өңірде экономиканың жақсы дәрежеде дамыған барлық секторлары мемлекеттік басымдылықтарға енеді және олар бойынша мемлекеттік қолдаудың негіздері, басымдықты секңторларда жұмыс істейтін инвесторлар үшін теңдессіз жеңілдіктер қарастырылады.

Ұлттық палатаның Төралқа Төрағасы ҰКП «әрқашан назарында ұстайтын маңызды бөлімдердің бірі – бұл Өңірлік даму картасы» екендігін айтып кетті. Тимур Құлыбаевтың ойынша, ол Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік ерекшелікті ескеруі қажет.

«Өздеріңіздің бәсекелестік артықшылықтарыңыз бар жерде, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығын ретке келтіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта жасау саласын, тамақ өнеркәсібін қарастыру қажет. Сіздердің үлкен кластерлеріңізді машина жасау алып тұрғандығы белгілі. Жалпы алғанда, өңірлеріңіздегі барлық секторлар дамыған, дәл солар мемлекеттік артықшылықтарға еніп, оларға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Инвесторлар кеңесінде мемлекет Басшысы инвестициялық заңнамадағы өзгертулерге қол қойғандығын білетін боларсыздар. Онда артықшылығы бар секторларда жұмыс істейтін инвесторлар үшін теңдессіз жеңілдіктер қарастырылған. Осындай 6 сектор, 14 сала тармағы бар. Менің ойымша, сіздердің жеңілдіктер жүйесіне түсуге жақсы мүмкіндіктеріңіз бар. Олар ұйымдастыру шараларын да қарастырады – ауыл шаруашылық дақылдары үшін жер телімдерін бөлу, салықтық жұмсақтық және мемлекет тарапынан артықшылығы бар секторлар бойынша жүзеге асырылған өздеріңіздің инвестицияларыңыздың 30 %-на дейін қайтару мүмкіндігі», - деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер