astana-view

Аграрлық секторда жүрген кәсіпкерлерге жеңілдікті шарттармен қарыз берілмекші

2014 жылғы 30 Маусым
4335 просмотров

Бұл туралы ҚР ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының қатысуымен өткен Ауыл шаруашылық министрлігінің алқасында айтылды. Онда мал шаруашылығын жаңа мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

Сөйтіп, қой өсірумен айналысатын кәсіпкерге «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық 7 пайызбен бес жыл мерзімге кредит беріледі, оның үстіне 1 жылға дейінгі жеңілдіктік кезең де беріледі. Бұл қаражатқа ол аналық мал басын сатып ала алады, негізгі құралдарды, техниканы, жабдықтарын жөндейді және сатып алады, сондай-ақ айналымдық қаражатын толықтыра алады.

Жылқы өсірумен айналысатындар үшін «Құлан» бағдарламасы бар. Ол бойынша 14 пайызбен кредит беріледі. Оның үстіне бұл қарыздарды жылдық 4 пайыздан 7 пайызға дейінгі субсидияланған мөлшерлеме бойынша алуға болады (қарыздың мақсаттық тағайындалуына қарай).

Отбасылық сүтті-тауарлы фермалар құруға ниет білдіргендер «Ырыс» бағдарламасын пайдалана алады. Оның аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Қазагрофинанс» арқылы 84 айға дейінгі мерзімге жылдық 11 пайызға дейінгі мөлшерлеме бойынша қарыз алуға болады (жылдық 7 пайызға дейінгі субсидиялауды ескергенде).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер