astana-view

Бизнес құрылыс саласы мамандарының тапшылығы мәселесін шешуді қолға алуда

2014 жылғы 30 Маусым
4670 просмотров

«Базис» құрылыс компаниясы құрылыс саласы үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында Астананың құрылыс-техникалық колледжін қамқорлығына алды.

«Базис» құрылыс компаниясы Астана қ. құрылыс-техникалық колледжін қамқорлыққа алу жолымен қаланың құрылыс саласы үшін жұмысшы кадрларды бірлесе даярлауға қатысуға дайын, яғни бұл колледжді сенімгерлікпен басқаруға қатысуды білдіреді. Бүгінде Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы, «Базис» Құрылыс компаниясы» ЖШС, Білім беру басқармасы және Астана қ. құрылыс-техникалық колледжі арасында Шартқа қол қойылып отыр.

Шартқа сәйкес, оқытушы ұйым мен бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік формалары айтарлықтай кеңейеді. Колледж студенттері теориялық оқумен қатар компанияның тәлімгер шеберінің басшылығымен кәсіпорында өз мамандығы бойынша ақылы өндірістік тәжірибеден өтетін болады және жақсы нәтижелерге жеткен жағдайда «Базис» компаниясына жұмысқа тұру мүмкіндігін алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер