astana-view

Ақтауда мұнай-газ саласының проблемалары талқыға түсті

2014 жылғы 03 Шілде
6568 просмотров

Қазақстанда Ұлттық мұнай-газ кластерінің Кеңесі құрылатын болады. Ол мұнай-газ секторының мүддесінде заңнамалық бастамаларды өркендетумен, сондай-ақ мұнай-газ саласының маңызды мәселелерін шешу үшін шағын және үлкен форумдарды ұйымдастырумен және өткізумен айналысады, кластер бөлімдерінің арасындағы байланыстырушы тізбекке айналады.

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Ақтауда өткен мұнай-газ өнеркәсібінің ұлттық кластері активінің Конгресі барысында белгілі болды.

ҮИИДМБ екінші бесжылдығының аясында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында мұнай және газ өндіру және қайта өңдеу, мұнай-газ химиясы, машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік қызметтер көрсету бойынша Ұлттық кластерді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі белгілі.

Конгресте мұнай-газ секторының белсенділері саланы дамыту бойынша бұдан арғы қимылдарды және кластерлік бастамалар құрамын талқыға салды. Басымдылықты мәселелер қатарында – ірі жобалардың оператор компанияларының сатып алуларында қазақстандық сервистік компаниялардың және қызметтердің және қазақстандық мазмұнның үлесін көтеру, қазақстандық мұнай сервистік компаниялардың құзыреттілік деңгейі, техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы жұмыскерлердің біліктіліктері, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіп үшін машиналар және жабдықтар өндірісіндегі қазақстандық стандарттардың халықаралық стандарттарға үйлесімділігі.

Сонымен қатар мұнайды қайта өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіп үшін машиналар және жабдықтар және құбырлар өндірісі саласындағы жобаларды жүзеге асыру, өндіру құлдырап бара жатқан және өндірудің талаптары ауыр кен орындарындағы мұнайды өндіруді қарқындату туралы да сөз болды.

«Бағдарлама өте мазмұнды, қызықты, іс жүзінде проблемалардың барлық аяларын дерлік қамтиды: сервисті де, өндірісті де, жер қойнауларын пайдалану проблемаларын да, сонымен қатар жаңа технологияларды да. Сондай-ақ бізде барлау мәселесі мен кадрларды даярлау проблемасы өте өткір болып отыр», - деп атап өтті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Екатерина Никитинская.

Оның айтуынша, тартымдылықты ұлғайту кадрлық әлеуетті нығайту болып табылады. Осыған орай Ұлттық палата жыл соңына дейін бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен индустриялық бағдарламаны біршама тиімді және нәтижелі ететін механизмдерді жасап, қосуды жоспарлап отыр. Конгреске қатысушылар да пікірталас кезінде көтерілген проблемаларға қатысты сындарлы ұсыныстар мен ескертулерін енгізе отырып, өз ойларымен бөлісті.

Мұнай-газ өнеркәсібі ұлттық кластерінің активі Конгресінің қорытындысы қабылданған Қарар болды. Онда заңнамалық актілерге, сала проблемасын шешуге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жасалған ұсыныстар жалпыланды.  

Осы құжаттың негізінде ұлттық кластердің белсенділері ҚР Үкіметі мен Парламентіне Ашық хат-үндеу дайындамақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер