astana-view

Қала күнін мерекелеу аясында Астанада «Астананы дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі» тақырыбында брифинг өтті

2014 жылғы 03 Шілде
- Астана қаласы
9394 просмотров

Қала күнін мерекелеу аясында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Директоры Мәжитов Мейірбек Сабырұлының, сондай-ақ «Астана қаласы кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қауымдастық» ЗТБ Президентінің, Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы өңірлік Кеңесінің мүшесі Казанцев Павел Олеговичтің қатысуымен «Астананы дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі» тақырыбында брифинг өтті.

Сонымен, брифингте елордадағы бизнес-қоғамдастық үшін биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының ашылуы болып табылатындығы баса көрсетілді. Оның негізгі мақсаты ШОБ дамуына ерекше орын берілетін өңірдегі кәсіпкерліктің бұдан арғы дамуы және өсуі үшін институционалдық негіз қалыптастыру болып табылады.

Астаналық Кәсіпкерлер палатасының директоры Астанада шағын және орта бизнесті дамыту үшін зор әлеует бар екендігін айтты. Осыған орай, Палата шағын және орта бизнестің серпінді дамуы үшін оның инфрақұрылымын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

М. Мәжитов елорадағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беру және Астананың халықаралық бет-бейнесін көтеру мақсатында Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан негізгі жобаларды сөз қылды, сонымен:

- Ісін бастаушы бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді механизмдерін дайындау мақсатында Палата қала Әкімдігімен және «Даму» Қорымен бірлесіп Астанада Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты. Ол жұмыс жасаған 6 ай ішінде 1100-ден астам кәсіпкер жүгініп келіп, шамамен 300 консультация берілген.

- Елорда туралы іскерлік ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мақсатында қазақстандық кәсіпкерлерге және шетелдік инвесторларға қаланың Кәсіпкерлер палатасы Астана қаласының www.astana2050.kz бизнес-порталын іске қосты.

- Палата елордадағы тауар өндірушілер мен олардың өнімдерін алға жылжыту үшін «Астанада жасалған» Тауарлар жинағын қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда.

- Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының аясында 1500 кәсіпкерге Бизнесті сервистік қолдау бойынша қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

- Техникалық мамандықтардағы білікті мамандарды даярлау үшін және елордадағы оқу орындарының бизнеспен тығыз байланысын орнату үшін Астананың Кәсіпкерлер палатасы елордалық мемлекеттік Құрылыс-техникалық колледжінің базасында Ресурстық-технологиялық орталық ашады.

- Кәсіпкерлер палатасы Қала күнін тойлау аясында «Қазақ елі» алаңында 2014 жылғы 5-7 шілдеде өтетін «Шуақты қала» Қалалық отбасылық фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады.

- Астананың кәмелет жасқа толу құрметіне Астананың Кәсіпкерлер палатасы 2014 жылғы Үздік кәсіпкер елордалық конкурсын мына номинациялар бойынша өткізді: «Үздік инвестор», «Үздік меценат», «Үздік кәсіпкер». Конкурсты өткізудің негізгі міндеттері кәсіпкерлік қызметті, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін насихаттау, табысты астаналық кәсіпкерлерді анықтау және ынталандыру болып табылады. 2014 жылғы 5 шілдеде Елбасының қатысуымен өтетін салтанатты қабылдауда жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.

Жағдайды пайдалана отырып, Мейірбек Сабырұлы Астаналықтар мен қала қонақтарын келе жатқан мерекемен құттықтап, Палата мен қаладағы іскерлік қоғамдастықтың астанадағы бизнестің тиімді дамуы және экономикалық өсуге жәрдемдесу үшін жағдай жасауға көмектесетіндігіне сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер