astana-view

ҚР ҰКП жанындағы Жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі кеңес отандық компаниялар қызметіне тосқауыл қоюшы мәселелерді талқыға салды

2014 жылғы 04 Шілде
4082 просмотров

Кеңестің екінші отырысында кәсіпкерлердің өз қызметі барысында ұшырасқан бірнеше проблемалы мәселелері қарастырылды.

Сонымен, Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі кеңеске мүлікті тартып алу дерегі бойынша «Виста» ЖШС келіп жүгінді.  Фирма құрылтайшысы Людмила Канеева және Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Жомарт Алдаңғаровтың айтуынша, кезінде құлдырап кеткен Қарағаны балық көшеттігін қалпына келтірген «Виста» ЖШС кәсіпорынның барлық қарыздарын төлеп, оған 2009 жылдан бері 100 млн теңгеден астам сома инвестициялап, ақырында соттың рақымсыздығына ұшыраған екен. Мемлекеттік және сот органдары бірқатар шешімдер қабылдап, соның салдарынан «Виста» ЖШС тиесілі, қазірде табысты ауыл шаруашылық кәсіпорны рейдерлік басып алуға тап болады.  

«Транссервис» ЖШС директоры Хасан  Жұмағұлов жол кәсіпорындары арасында шаралар қолданбай, осылайша Бағдарламаның жүзеге асырылуына кедергі келтірген, ал бұл өз кезегінде бизнес-бастамаларды қолдау бойынша бағдарламаға кесе-көлденең жүріп, жемқорлық жағдайлар тудырады, Астана қ. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі туралы айтып берді.

«Chemieanlagenbau Chemnitz gmbh»  компаниясының Қазақстан Республикасында жобалауға лицензия алуына Алматы қ. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті қызметкерлерінің заңсыз бөгет болуы туралы фирма өкілдігінің басшысы Наталья Накк хабарлады. Оның айтуынша, лицензия алуға өтінім берген компаниядан шенеуніктер ҚР әрекеттегі заңнамасы талаптарының шегінен шығатын құжаттарды талап еткен.

Кеңес отырысында сонымен қатар Урихтау кен орнында сыртқы электрмен жабдықтауға электронды сатып алулар бойынша тендер өткізудегі «Урихтау Оперейтинг» ЖШС бұзулары туралы мәселе қарастырылды. «Алагеуім электрик» АҚ Басқарма төрағасы Нұрмахан  Абрахмановтың айтуынша, өткізілмеген деп танылған тендер қорытындылары бойынша тапсырыс беруші «Урихтау  Оперейтинг» ЖШС сатып алу бойынша қорытындыларды қайта қараған, осының нәтижесінде жеңімпаз қалай да жарияланды. 

Бұл жағдайда арамза бәсекелестік және жемқорлық құрамдастар белгілерінің болуына жағдай жасау туралы айтуға болады.

Маңғыстау облысы Әкімдігі облыстық ауыл шаруашылық басқармасының «Маңғыстау облыстық сумен жабдықтау жүйесі» шаруашылықты жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылдық округінің елді мекендерін сумен жабдықтау бойынша жобаларды жүзеге асыруды аяқтауға кедергі келтіру туралы мәселесі бойынша келіп жүгінді. Маңғыстау облысы Әкімдігінің лауазымды тұлғалары жобаның 2 кезеңін жүзеге асыруға және сумен жабдықтау жобалары бойынша жаңа жұмыстарды бастауды жоспарлауға кедергі келтіретін шаралар қолдануда. Бұл бюджеттік қаражатты жұмсауға және уақытша шығындар тұрғысынан тиімсіз болып табылады. Отырыста сонымен қатар Кеңестің бірінші отырысындағы нұсқаулықтарды жүзеге асыру бойынша қолданылған шаралар туралы ақпараттандырды.

Отырыс қорытындылары бойынша Кеңес бұзуларды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдануды сұрап құзіретті органдарға жүгінбекші.

Естеріңізге сала кетсек, Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі кеңес – ҚР жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар бойынша міндеттерді жедел және жүйелі түрде шешу, жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар бойынша проблемалы мәселелерді көпшілікке жариялау мақсатында үстіміздегі жылдың сәуір айында құрылған, ҚР ҰКП тұрақты қызмет ететін консультативтік кеңес беру органы.

Кеңес құрамына Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура, Қазақстан Республикасы Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің басшылары, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер