astana-view

ҰКП «Гүлнар-тур» туроператорының турагенттеріне қажет заңгерлік консультациялық қолдау көрсетуге дайын

2014 жылғы 11 Шілде
3805 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (ҰКП) туристік фирмалардан туристік саладағы проблемалар туралы, атап айтқанда, халықаралық шипажайларға қазақстандық туристерді чартерлік тасымалдаумен байланысты проблемалар бойынша өтініштер келіп түсе бастады.

ҰКП қалыптасқан жағдайды талдаудан өткізді. Анализ көрсеткендей, үстіміздегі жылдың шілде айында қалыптасқан туризм нарығындағы күрделі дағдарыс жағдайы «Гүлнар-тур» ЖШС компаниясының шарттық міндеттемелерін орындамауымен туындаған, осының салдарынан чартерлік тасымалдаулар және осы компания тарапынан азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру мәселелерінде бірқатар заңнамалық нормаларды  бұзу орын алған.

«Гүлнар-тур» компаниясы жұмысындағы қиыншылықтар туристерді тасымалдаудағы бөгелістерге әкелді: туристердің шипажайларға ұшуындағы кідірістер, сапарларды тоқтату, бұл осы мәселелерді мемлекет көмегімен шешу қажеттігін талап етті. Сөйтіп 3 және 9 шілде аралығынан бастап Түркиядан «Гүлнар-тур» компаниясынан борттардың болмауы себебінен, өзге әуе компанияларының ұшақтары өкілетті мемлекеттік орган өтініші бойынша және «Гүлнар-тур» ЖШС-на жүктелген міндеттемемен Қазақстанның 889 азаматы әкетілді. Сонымен қатар жолдамаларды төлеп қойған, бірақ демалуға әлі бармаған, және де бұл компаниядан қызмет көрсетуді ала алмауы ықтимал «Гүлнар-тур» ЖШС клиенттері де жапа шекті. «Гүлнар-тур» тұлғасында оператордың туристік пакеттерін өткізіп жүрген турагенттер тусритердің ұшып келуін өз қалтасынан төлеуге, сондай-ақ өз компаниясының бет-бейнесін жоғалтып алмау үшін және туристерді демалыстан қайтару үшін, қонақ үйлерге туристер орналастыруды жүзеге асыруға тура келуінен туындаған шығындарға батуда.

Қазіргі уақытта ҰКП-да «Гүлнар-тур»-мен жұмыс жасаған турагенттерден болашақ күндерге туристерге сатылып кеткен турпакеттер санын анықтау мәніне ақпараттар жинау және өңдеу жүргізіліп жатыр (мысалы, ерте брондау науқаны бойынша үстіміздегі жылдың тамызында ұшуға турпакеттерді қаңтарда сатып алған жағдайлар да кездеседі). Әзірше ақпарат нақтылануда, алайда қолда бар мәліметтер бойынша «Гүлнар-тур» ЖШС әрекетінен барлығы шамамен 4,5 мың адам жапа шеккен.

«Гүлнар-тур» компаниясының қызметі әзірше тоқтатылмағанын, лицензия әрекетінің әзірше күшінде екенін, банкроттық туралы ресми хабарландырудың жарияланбағанын айта кету керек. Лицензияны қайтарып алу тек сот шешімі бойынша ғана болуы мүмкін. Қазір «Гүлнар-тур» ЖШС қаржылық жай-күйіне қатысты өкілетті органдар тарапынан сәйкес тексерістер жүргізілуде.  

Осыған орай ҰКП «Гүлнар-тур» ЖШС тұлғасындағы туристер, турагенттер және туроператорлар арасында қалыптасқан жағдайды шарттық қатынастар негізінде құқықтық алаңда қарастыру керек, туындаған шығындарды, залалдарды сот арқылы немесе сотқа дейінгі реттеу іс-шараларын өткізу жолымен шешу керек деп санайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палаталарының кеңселерінде турагенттерге қажет заңгерлік консультациялық қолдау көрсетуге дайын. 

ҰКП ҚР туристік нарығында қалыптасқан жағдайды жүйелік түрде құқықтық алаңды жақсарту арқылы шешу керек деп есептейді. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері, чартерлік тасымалдауларды дамыту туралы, сондай-ақ туроператорлардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан күшейту мәселелері бойынша әрекеттегі заңнаманы өзгерту бойынша Үкіметке ұсыныстар дайындалып, енгізіліп те қойды.

Туындаған проблеманы шешу бойынша жұмыс өкілетті мемлекеттік орган – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен тығыз байланыста жүргізілуде.

Бұл жағдаят толық шешіліп, болашақта осындай жағдайға жол бермеуді қамтамасыз еткенге дейін ҰКП-ның толық бақылауында болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер