astana-view

16 шілдеде Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтеді

2014 жылғы 10 Шілде
3840 просмотров

Осы отырыс барысына ЕЭК Кеңесінің Мүшелері қатысады. Атап айтқанда – Белорусь Республикасы Премьер-министрінің ЕУрАзЭО, КО, БЭК аясындағы сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі орынбасары Сергей Румас, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко, ЕЭК Алқасының Мүшелері, сондай-ақ ҚР ҰКП өкілдері.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес актілерді дайындау Жоспарын бекіту, сондай-ақ келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

- Арнайы кеден процедуралары орнатылуы мүмкін тауарлар санатының тізбесіне өзгертулер енгізу туралы, және де оларды кеден процедурасына орналастыру талаптары.

- 2009 ж. 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы Шартқа өзгертулер енгізу туралы Хаттама жобасы және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрушы кейбір халықаралық шарттар әрекетін тоқтату туралы.

- Кеден одағы сыртқы экономикалық әрекетінің бірыңғай Тауар номенклатурасына өзгертулер енгізу туралы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық әрекетінің Тауар номенклатурасына енгізілген өзгертулерге сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифы.

- «Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында жеңіл өнекәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін маркалау жүйесін жасау туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімінің жобасы туралы.

- Терефталды қышқыл және оның тұздарына қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінің әкелінетін Кедендік бажының мөлшерлемесін орнату туралы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер