astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған Дуалды оқытудың жол картасы өзінің жемісін бере бастады

2014 жылғы 10 Шілде
3958 просмотров

Кәсіпорындар, колледждер және өңірлік палаталар мамандарды даярлау аясында 90 шартқа қол қойды.

Бұл келісімдердің қорытындысы 2250 маман даярлауға кәсіпорындардан келген өтінімдер болды.

ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің ақпараты бойынша, үстіміздегі оқу жылы басталғанға дейін 10 мың маманды даярлауға дуалды оқытудың 300-ден астам шартын жасасу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы тау-кен электр механикалық жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша дәнекерлеушілер мен шеберлерді даярлау жөнінде «Қазфосфат» ЖШС-мен, сондай-ақ электр механиктерін дайындаушы «Қамқор-Локомотив» ЖШС-мен шарт жасасты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы «KAZMEDPRIBOR» ЖШС-мен өнеркәсіп жабдықтарын және машиналарын пайдалану бойынша мамандарды даярлау бойынша, ал «Қазақтелеком» АҚ-мен «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлау туралы келісті.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жасасқан шарт бойынша Өскемен арматура зауыты және «ВостокМашЗавод» АҚ «өнеркәсіптік энергетика» және «өнеркәсіптік механика» мамандықтары бойынша мамандар даярлау туралы келісті.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы және «Қостанай Экосервис» ЖШС арасындағы шартқа сәйкес азық-түлік тауарларын сатушылар дайындалатын болды.

Дуалды оқыту жол картасының өңірлік индустрияландыру карталарына таңылғанын атай кету керек. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары кәсіпорындар қажеттіліктерін алдын-ала зерттеп алып, 83 кәсіп пен мамандықтың қажетті болып табылатынын анықтады. Бүгінде оларды 173 колледж оқытады. Республика бойынша шамамен 400 кәсіпорынның процеске қатысуы жолымен даярлау сапасын жақсарту жұмысы жүргізілуде.

Дуалды оқыту жол картасының басты мақсаты нақты кәсіпорындар қажеттіліктеріне қарай мамандарды сапалы даярлау, компанияның оқыту процесіне қатысуы, колледждер мен жоғары оқу орындарының өз өңірінің кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастыққа бағыттылығы болып табылады.

Дуалды оқытудың басымдылығы кәсіпорындардың жұмыскерлерді іздеу және іріктеу, оларды қайта оқыту және бейімдеу бойынша шығындарды үнемдей отырып, өздері үшін кадрларды даярлау мүмкіндігін, ал жастар дербестікті ерте алу және ересектер өміріне оңай бейімделуге жақсы мүмкіншілік алатындығында жатыр. Оқыту кезінде-ақ олар өзінің кәсіпорындағы еңбегі үшін ақшалай сыйақы алады, ал оны аяқтаған соң өздері жақсылап дайындалған жұмысқа тұрып кетеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер