astana-view

Еліміздегі туристтік нарықта туындаған жағдайды жүйелі түрде құқықтық алаңды жетілдіру арқылы шешу керек

2014 жылғы 16 Шілде
4369 просмотров

Бұл жайында туристік саланың, атап айтқанда чартерлі тасымал нарқына қатысты мәселелер талқыланған, ҰКП өткізген баспасөз отырысында айтылды. 

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша, Ұлтық кәсіпкерлер палатасына салалы қауымдастықтардан бірнеше шағымдар түскен. Оған сәйкес "Atlasjet Airlines" әуекомпаниясы, «Гульнар-тур» ЖШС арқылы әуе билеттерді сатып алған, турагентерге қатысты міндеттемелерін орындамаған. Алайда "Atlasjet Airlines" әуе компаниясы Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінен халықаралық әуе тасымалдау жүргізуге рұқсат алған.

Қазіргі таңда әуекомпания жолаушыларды тасымалын тоқтанқан. Айтуларынша, бас агент «Гульнар-тур» ЖШС  есеп шоттарына ақша түсірмеген. Заңнамаға сәйкес, тұрақты рейске билеттер сатылған жағдайда әуе компания қандайда бір қалыптасқан  жағдайларға қарамастан жолаушыларды тасымалдауға тиісті. Әуе компаниясы  ақша есеп шотқа түспеген жағдайда чартерлі рейс жолаушыларын тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

«Туристер, туристік агенттіктер мен «Гүлнар-Тур» ЖШС туроператоры арасындағы қалыптасқан жағдайды, атап айтқанда осы жағдайдың салдарынан келтірілген шығындарды шешуде сот немесе сотқа дейінгі реттеу шараларын жүргізу арқылы  шарттық қарым-қатынастар негізінде құқықтық алаңда қарастыру керек», - деп атап өтті ҰКП Басқарма мүшесі Гүлнар Құрбанбаева.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Қазақстанның туристік нарқында қалыптасқан жағдайды жүйелі түрде шешу керек деп есептейді. Қазіргі уақытта азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша, чартерлік тасымалдауды дамыту, сондай-ақ туроператорлардың жауапкершілігін күшейту мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаларға өзгерту енгізу бойынша ұсыныстар әзірленіп, Үкімет қарауына ұсынылған.

«Қазіргі уақытта  алдын ала  жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша халықаралық әуе тасымалына қатысты 60 туристік компаниядан ақпараттар келіп түсті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірнеше рет аталған мәселеге қатысты құзіретті мемлекеттік органдарға хат жолдаған болатын.  Қалыптасқан жағдайды ретсіз деп санаймыз. Аталған мәселені шешу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз», - деді Гүлнар Құрбанбаева.  ҰКП Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша,   тұрақты тасымал жүргізу  үшін Atlas Jet авиакомпаниясына берілген рұқсатты қайтарып алу керек.

Орын алған жағдайға мониторинг жүргізу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында салалық қауымдастық және ҰКП туристік сала Комитеті мүшелерінен құралған арнайы шатб құрылды.

Атап өткендей, бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жіті назарында. Жыл басынан бері бизнес қауымдастық еліміздің Азаматтық авиация комитетіне әуе компанияларына рұқсат беру, Туризм индустриясы комитетіне туристік нарықты әуе компаниялары туралы дерекпен қамту туралы 5 хат жіберілді.  жыл басынан бері назарда

Күні бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация Комитеті мен «Atlasjet Airlines» әуе компаниясына жағдайды жақсарту бойынша арнайы хат дайындалды. 

«Гульнар-тур» әуе компаниясына қатысты ақпарат

Күні бүгін ҚР Бас прокуратурасы «Гулнар-Тур» әуе компаниясын тексеруге рұқсат берді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті берген мәлімет бойынша туристік оператор қызметіне тексеру жұмыстары он күнге созылады. Тексеру қорытындылары сотқа жолданады. Компания басшысы байланысқа шықпаған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер