astana-view

Туризм және әуе тасымалдары саласындағы заңнаманы күшейту қажет

2014 жылғы 16 Шілде
3968 просмотров

Туризм және әуе тасымалдары бойынша өкілетті органдар өздері лицензия беретін субъектілердің қызметін реттеуге бақылауды жүзеге асыруда әлсіздік көрсетеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының Орынбасары Гүлнар Құрбанбаева ҚР ҰКП Баспасөз орталығында өткен «Гульнар Тур» туроператорының айналасындағы жағдай талқыға салынған брифингте мәлімдеді. 

Атап айтқанда, бұл осы турфирма, сондай-ақ Г.Құрбанбаеваның ойынша, тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыруда талаптарды қатерлі және дөрекі түрде бұзған Atlas Jet әуе компаниясының қызметіне қатысты болып отыр.

«Мемлекеттік органдар біршама сылбыр жұмыс жасайды. Маусым айының ортасында өкілетті органдарға орын алған бұзушылықтар туралы хаттар жолданған болатын. Бір ай өте шықты, салмақты шешім қабылданған жоқ», - деп атап өтті ол.

Гүлнар Құрбанбаева мемлекеттік органдарға қатысты құқық қорғау органдары тартылуы әбден мүмкін екендігін мәлім етті. «Азаматтық авиация мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға қатысты шаралар қолданылу қажеттігі туындағаны туралы ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) талаптары жөніндегі ұйымға сәйкес хат жолданатын болады», - деп түйіндеді Гүлнар Құрбанбаева. Сонымен бірге ол ҰКП халықаралық шипажайларға біздің қазақстандық азаматтарды тасымалдау мәселесімен айналысатын тұрақты әуе компаниясы болу міндеттемесін өзіне қабылдап, өздері алған барлық қажет міндеттемелерді орындау талабымен Atlas Jet-пен сәйкес келіссөздер жүргізбекші екендігін қоса жеткізді.

ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының ойынша, туризм нарығындағы қалыптасқан жағдай себептері заңнаманы реттеу, әрекеттегі заңнаманы бұзғаны үшін бұдан да қатаң жауапкершілік енгізу қажеттігімен байланысты.

Ол сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершілік деңгейін көтеру туралы, туроператорлар жауапкешілігін заңнамалық күшейту мәселесін алға тарту қажет екендігін атап өтті.

«Екінші себеп туризм нарығымен байланысты. Мұнда жағдайды шоғырландыру және түсіну, қандай да бір қызметтерді жүзеге асыруда туркомпаниялардың өздерінің біршама жауапкершілікті қатынастарына деген қажеттілік туындап отыр», - деп қосты Гүлнар Құрбанбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер