astana-view

Сегіз АҚ мен ЖШС акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлесін сату бағасы анықталды

2014 жылғы 25 Шілде
4012 просмотров

2014-2016 жылдарға Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында, 2014 жылы Жекешелендіру нысандарын саудаға шығару кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті үстіміздегі жылдың 11 және 18 шілдесінде салалық министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен республикалық меншікті жекешелендіру жөніндегі Комиссия отырыстарын өткізді.

Комиссия жекешелендіру нысандарының құнын анықтау бойынша тәуелсіз бағалаушылардың есептерін тыңдады, жекешелендіру шарттарын, сауда формаларын, сондай-ақ 8 АҚ мен ЖШС акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін сату бағасын бекітті.

Комиссия шешіміне сәйкес «Би-Логистикс» АҚ, «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ, «Жер қойнауларын кешенді игеру проблемаларының институты» ЖШС, «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС және «Ғимараттар мен көлікке қызмет көрсету жөніндегі дирекция» ЖШС акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері электронды аукционға шығарылатын болады.

«Авиациялық оқу орталығы» ЖШС, «Қазаэрожоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздеу институты» АҚ, «Қазақ  энциклопедиясы» ЖШС акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері 5 жыл бойы қызметінің негізгі бейінін сақтау және акциялар (үлестер), сондай-ақ жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты мәмілелерді (қайта сату, кепілдік, басқаруға беру және басқ.) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілетті органның жазбаша келісімімен ғана жасау мүмкіндігі шартымен коммерциялық тендерге шығарылатын болады.

Нысандар түйіндемелері:

1) «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС;

2) «Қазаэрожоба» ҒЗЖІИ» АҚ”;

3) «Би–Логистик» АҚ;

4) «Ғимараттар мен көлікке қызмет көрсету жөніндегі дирекция» ЖШС;

5) «ЗАҢ» Медиа–корпрорациясы ЖШС»”;

6) «Жер қойнауларын кешенді игеру проблемаларының институты» ЖШС;

7) «Қазақ спорт және туризм академиясы» АҚ;

8) «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы” АҚ;

9) «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер