astana-view

Өтінішті онлайн түрінде беру тиімді

2014 жылғы 31 Шілде
9314 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес иелерінің өтініштері мен арызын онлайн режимде қабылдайды.

Бизнес-қауымдастық сарапшылары бизнеске қатысты барлық бағыттағы сауалдарға жауап береді. Бизнесмендердің құқына нұқсан келтіру деректері жайлы шағымдарды тіркеп, қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы ұсыныстарды қабылдайды.

 

Өтініш-арызыңыздың орындалуын бақылап отыру оңай

Жанат Серікбаева, Байланыс орталығының директоры:

Қазір технологияның дамыған заманы. Сондықтан, әрине, қағазбастылықтан арылып, өтініш-арызды онлайн режимде берудің пайдасы зор. Ия, кейбір кәсіпкерлер өздері келіп, жазбаша өтініш қалдырады. Кейбірі бірыңғай 59-79-60 байланыс нөміріне хабарласып, анықтама алады. Бірақ, мен ең тиімдісі – электронды түрде өтініш қалдыру екенін айтқым келеді.

Неге? Біріншіден, азаматтар уақыттан ұтады. Кәсіпкерлер өз жұмыс орнында отырып-ақ, өтініш-арыздарын жолдай алады. Екінші, әрі ең басты артықшылығы – QR код арқылы өтінішіңіздің қаралу үдерісін, қандай деңгейде орындалып жатқанын отыз күн бойы күтпей-ақ, күн сайын бақылап отыруға болады. Ол үшін «www.palata.kz» сайтындағы өтініштер мен мәселелер тізіліміне еніп, жеке код арқылы өзіңіз жолдаған өтініш бетшесіне кіру керек. Үшінші артықшылық – құпиялылық принципі. Кімнің, қандай өтініш бергені туралы ақпарат қатаң құпиялылықта сақталады. Сондықтан, электронды түрде өтініш қалдырудың анағұрлым тиімді екенін ескерген абзал.        

 

Өтініш берудегі бес қадам

1-қадам:

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «www.palata.kz» ресми веб-сайтына енесіз.

750

2-қадам:

Өтініштер мен мәселелер тізіліміне өтіп, онлайн режимде өтінішіңізді жазасыз. Ең бастысы, арыз немесе өтініш беруші мәселені мұқият, анық көрсетіп жазуы керек. Көрсетілген жолаққа қажетті ақпаратты толтырған соң, өтініш хат байланыс орталығына жолданады.

3-қадам:

Өтініш жібергеннен кейін, арыз берушінің электронды поштасына мынадай жеке код жолданады.

QR код арқылы арызыңызды кімдер қабылдап, қалай шешілгеніне дейін қадағалауға болады

 

4-қадам:

Кәсіпкерлерден түскен өтініш-арыздар алдымен, Ұлттық палатаның байланыс орталығына келіп түседі. Мәселенің мәніне қатысты өтініш-департаменттерге жолданады. 

5-қадам. Бизнес-қауымдастық жүргізетін сараптамалық жұмыстар. Палата сарапшылары әрбір өтініш-арызды зерттеп, мәселенің түйінін тарқатуға күш салады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 32 салалық комитеттер хатшылығы мен департменттер бар.

Атап өткен жөн, жыл басынан бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес қоғамдастық өкілдерінен 2263 өтініш түскен. Әрбір мәселе бойынша сараптама жасалып, 1693 сұраныс бойынша нақты шешім шығарылды.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер