astana-view

«Ну» орман

2014 жылғы 01 Тамыз
6947 просмотров

Ағаш өңдеу өнімдерін экспорттау көлемі жөнінен Қазақстан құнына шаққанда 2012 жылы 231 елдің ішінде 102 орында болған, ал 2001 жылы одан да жоғары 89 орында болған екен. 11 жыл ішінде 10 орынға төмендеген.

Қазақстанда орман өнеркәсібі саласы, тура мағынада алғанда, жоқ деуге болады. Сондықтан да ағаш өңдеу өнімі нарығы негізінде Ресей, Қытай, Белорусь және жақында болған оқиғаларға дейін Украинадан импортталып отырған.

Бұл саланы мемлекет тұрғысынан лайықты түрде қолдау жоқ екендігін атап өту керек. Сондықтан да ағаш өңдеу өнімі өндірісінде бүгінде өсудің тұрақты көлемі жоқ екендігі даусыз. Жиһаз жасаушылардың арасында басқа елдерден әкелінетін АЖЖ (ағашты-жоңқалы жабын) үлкен сұранысқа ие. Оның үстіне тауарлардың осы топтары бойынша импорттың өсімі ұлғаюда. Мысалы, 2012 жылы АЖЖ импорты 29% құраған, бұл басқа тауарларға қарағанда жоғары. Мысалы, балташылық, ағаш шеберлігі бұйымдары елімізге импорттың 21% үлесімен әкелінеді. Одан кейінгі орында ағаш материалдар тұр - 14,5%. Төртінші орында -  АТЖ  13,9% үлеспен, бесіншіде – шере 6,6% үлеспен. Ағаш импортының көлемі 2012 жылы 545 млн. АҚШ долларын құраған.

«Қазақстанның ағаш өңдеудің барлық өнімін өндіру үшін өз шикізаты жоқ. Ағаштың қажет қорлары ШҚО-да», - дейді ҚР ҰКП Жиынтық-талдау департаментінің директоры Ұзақ Жарқымбаев.

Оның ойынша, өңірдегі ағаштың жыл сайынғы өсуі шамамен 2 млн.текше м. құрайды.

«Экожүйеге зиян тигізбей ағаштың 1 млн. текше м. кесуге болады. Іс жүзіндегі кесіп алу шамамен 200-220 мың текше м. құрайды. Қалған 800 мың текше м. шіріп кетеді. Оның үстіне Қазақстандағы АЖЖ жылдық қажеттілігін 450 мың текше м. ағашты қайта өңдеумен қамтамасыз етуге болар еді», - деп түсіндірді ҰКП өкілі. Сонымен бірге ол өңірде шикізаттық әлеуеттің бар екендігін баса айтты. Мысалы, Францияда 1 млн. гектардан 1 млн. м3 ағаш кесіледі екен. Швейцария жылына  7 млн. м3 дейін кеседі. Ұзақ Жарқымбаевтың ойынша, «өндірістік қуаттылықтарды арттырып, шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етуді, сонымен қатар Ресейден, ұйымдастырған жағдайда, ішкі нарықты ғана қанағаттандырып қоймай, өнімді көрші елдерге экспорттауға болар еді».

«Талдау көрсетіп отырғандай, 2012 жылы Орталық Азия және Ауғанстанға ағаш импортының көлемі шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құраған. Оның ішінен 50 % немесе 756 млн АҚШ доллары АЖЖ, АТЖ, шере, балташылық және ағаш шеберлігі бұйымдарына келеді. Бұны өзіміздің өніммен де толтыруға болар еді», - деп мәлімдеді ҚР ҰКП Жиынтық-талдау департаментінің басшысы. Оның айтуынша, сонымен қатар 2012 жылы ағаш өңдеу өнімінің экспорты мардымсыз болып, шамамен 18 млн АҚШ долларын құраған.

Қазақстанның ағаш өңдеу нарығына импорттың бөгет жасап отырғаны түсінікті. Мәселе осында ғана болып отыр ма? Ұзақ Жарқымбаевтың ойынша, сала инвестиция тұрғысынан тартымсыз болып отыр.

«Орман туралы мамандандырылған заң жоқ. Бұл саладағы инвестициялар туралы заң жасалмаған. Басқа да көптеген әкімшілік кедергілер толып жатыр. Реттелмеген шаралар көп», - деп ол барлық проблемаларды тізбеледі.

Оның ойынша, Ресеймен дамыған логистиканың және ресурстық базаның болуына қарамастан,  инвесторлар жоғары аталған бірқатар проблемаларға ұшырасып, нақты қадам жасауға белін буа қоймайды.

Бүгінде өз дайындамасын өндіргеннен гөрі, Ресейден шикізат әкеле салу оңай. ЭЫДҰ үшінші жыл болды Шығыс Қазақстан облысында осы саланы дамыту проблемалары бойынша зерттеулер жүргізуде. Олардың тұжырымы біреу ғана – орман заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізбей ағаш өңдеудің инвестициялық тартымдылығы және сала дамуы орын алмайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) сарапшысы Антуан де ля Рошефордьеның ойынша, орман заңнамасын шектеулер мен тыйымдардан арылту отандық орман өңдеу дамуы сияқты экономика өсімінің қорын іске қосуға, сонымен қатар Шығыс Қазақстанның орман алқаптарын сауықтыруға мүмкіндік береді.

Салыстыру үшін ақпарат: Латын Америкасындағы тамаша ел – Гондурас ағаш өңдеу өнімін экспорттау көлемі жөнінен құнына шаққанда  2012 жылы  88 орынды алған. Оның үстіне Гондурастың ауданы жағынан Шығыс Қазақстан облысы ауданынан (бұл өңірде еліміздің негізгі орман қорлары шоғырланған) 2,5 есеге жуық аз аумақты алып жатқанын айта кету керек, және де Гондурастың орман алқаптары ШҚО сияқты негізінде тауда орналасқан. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер