astana-view

Стандарт жоғарылаған сайын экономика да тиімді

2014 жылғы 04 Тамыз
3994 просмотров

ISO халықаралық стандарттарын енгізу жолымен қамтамасыз етілетін өндірістік және еңбек ресурстарын қолдану тиімділігін көтеру  қазақстандық компаниялардың халықаралық деңгейде бәсекелесіп, ең аз шығынмен өнім шығаруына мүмкіндік береді, және де бұл сауда-саттықтағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдер нормаларын орындау шарттарының бірі болып табылады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Заңғар Ноғайбай ҰКП алаңында ұйымдастырылған Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның (ISO) Бас хатшысы  Роб Стилмен кездесу барысында мәлімдеді.

«Бүінгі күні Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі аясында ұлттық стандарттарды халықаралыққа үйлестіру бойынша үлкен жұмыс жасалуда», - деп атап өтті Заңғар Ноғайбай.

Оның айтуынша, ISO инновациялар мен нарықтарға шығу үшін негіз құрайтын халықаралық стандарттарды енгізу жолымен мемлекеттер экономикасының тиімділігін көтеру бойынша маңызды құрал болып табылады. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары сонымен бірге ISO стандарттары аясында жасалатын жетекші технологиялардың барлығына да қолжетімді екендігін айта кетті.

«Жалпы, Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі Халықаралық стандарттау ұйымы жұмысының векторымен сәйкес келетін бағытты таңдады, - бұл тұтынудың барлық деңгейлері үшін барынша пайда келетін жағдайда өнім өндірушілердің қажеттіліктерін ең жоғары қанағаттандыру», - деп баса айтты Заңғар Ноғайбай, «ISO-мен жемісті ынтымақтастық болашақта күшейе түсендігіне» сенім білдіре отырып. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер