astana-view

Жүйелі мәселеге – нақты шешім

2014 жылғы 05 Тамыз
4807 просмотров

 

Кәсіпкерлікке қатысты бағдарламалар өтініштер мен мәселелер реестрін ескере отырып, түзілмек. Өйткені, мәселелер тізілімі арқылы бизнес иелерінің ісіне кедергі болған бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Айталық, әлеуметтік салық режимі бойынша қызмет ететін кәсіпкерлерге POS-терминалдар орнату мерзімі 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 100 метр аумақта алкоголь өнімдерін сатуға салынған тыйым алынып тасталды. Уақытша су және электрмен жабдықтау үшін техникалық шарт беруге қатысты кедергілер жойылып, құрылыс жұмыстарын бастау және аяқтау мерзімін ұстану туралы келісім жасалды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресми веб-сайтындағы өтініштер мен мәселелер тізіліміне кәсіпкерлерден 463 өтініш-арыз жолданған. 185 өтініш бойынша нақты жауап берілген. 270 арыз бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшылары зерттеу, сараптама жұмыстарын жүргізуде.

Тізілімге енген мәселелердің 49-ы (10,5%) техникалық және кәсіптік білім беру және экологиялық реттеу саласына қатысты. Құрылыс саласындағы кездесетін кедергілер туралы 39 (8%) өтініш түссе, 37 дәйек (7%) көлік, логистика және байланыс саласына қатысты. Рұхсат беру жүйесіне 28, өтініш берушілердің 6 пайызы сатып алу саласында кездескен мәселелерді түзген. Сондай-ақ, ел кәсіпкерлері өңдеу өнеркәсібі, табиғи монополия, салық салу, ауылшаруашылығы саласы мен жер қатынастарына қатысты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер