astana-view

Стандарттау процесіне қатыспау бәсекелестердің шешім қабылдауына әкеледі

2014 жылғы 04 Тамыз
3864 просмотров

Бұл мәлімдемені ҚР ҰКП ұйымдастырған кездесу барысында Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы Роб Стил Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жасады.

Оның айтуынша, стандарттау – бұл жаңа өнімдер мен жаңа шешімдер жасауға тікелей әсері бар стратегиялық бизнес-мәселе.

«Қазақстан бизнесі және стандарттың дамуы ешқашан да бейтарап болып табылмайды. Олар осы стандартты дайындаушылардың күшін, инновациясын, қуаттылығын тікелей көрсетеді. Егер сіз әлемдік сахнада дамығыңыз келсе, өз өніміңізді экспорттап, жаңа нарықтарды ашқыңыз келсе, онда, әрине, осы процеске қатысуыңыз керек. Бұл балама үшін ұсынылатын нұсқа емес. Барлық салаларға қатысуға тиіссіз деп отырғаным жоқ, дегенмен сіз үшін маңызды және құнды салаларға, сол сәттерге қатысуыңыз қажет», - деп түйіндеді Роб Стил.

Оның айтуынша, Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ISO) халықаралық стандарттарды жасаумен айналысатын ең ірі және маңызды ұйымдардың бірі болып табылады.

«Халықаралық стандарттар ерікті сипатта болады және өнімге, қызметтерге және алдыңғы қатарлы тәжірибеге спецификаттаудан тұрады, сондай-ақ өндірістің тиімділігінің көтерілуіне және өнеркәсіптік әлеуеттің белсенді өсуіне көмектеседі. Олар бәтуаластық неізінде жасалады, бұл саудадағы кедергілердің қысқаруына жағымды әсерін тигізеді», - деп атап өтті Роб Стил.

Ол сонымен қатар ISO әлемдік қоғамдастықтың барлық салаларын қамтитын, ISO мүшелері мен мүдделі тараптардың көмегімен дайындалатын жоғары сапалы халықаралық стандарттардың әлемдегі жетекші жеткізушісі болып табылатындығын баса айтты.

Роб Стил ISO дегеніміз әрбір елден бір-бір мүшеден болатын, 163 елден тұратын стандарттау бойынша ұлттық органдардың желісі екендігін айтып берді. Бүкіл жүйені үйлестіретін Орталық Хатшылық Женевада орналасқан (Швейцария).

Қазақстан Республикасында ISO халықаралық стандарттарымен үйлестірілген шамамен 100 ұлттық стандарттың жасалып жатқанын айта кету керек.

Бүгінде Қазақстан ISO 16 техникалық комитетінің толық құқылы мүшесі болып табылады (P-Member).

2011 жылы Қазақстан ISO /ТК 68 «Банк ісі және сәйкес қаржылық операциялар», ISO /ТК 181 «Ойыншықтар қауіпсіздігі», ISO /ТК 215 «Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар» комитеттеріне мүше-бақылаушы ретінде кірді.

2012 жылдың басынан бері Қазақстан ISO /ТК 67/ ПК 8 «Арктикалық операциялар» толық құқылы мүшесі ретінде, және де ISO /ТК 266 «Биомиметика» мүше бақылаушы ретінде кірген.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер