astana-view

Өз өнімімізді өсіруге ерекше көңіл бөлу қажет

2014 жылғы 07 Тамыз
3820 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметімен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі өндірушілермен өз өнімдерімізді өсіру мәселелерін талқыға салмақшы.

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде хабарлады.

Оның айтуынша, мұндай шешімге келуге Ресейге қарсы еуропалық елдер жариялаған экономикалық ықпалшаралар себеп болған. Қазірде мәселе бірқатар елдерге қатысты Ресей ықпалшара жариялаған ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді дамыту жолдарын табуда болып отыр. Бір айта кететіні, кеше Елбасы қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, Қазақстан Ресей жағына ықпалшара жарияланған жағдайда және Украинадағы ахуал нашарлаған жағдайда әрекет ету жоспарын жасап шыққан, және де оны 2014 жылғы қыркүйекте өзектендіруге дайын.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ. Қазір Ресей жауап ретіндегі ықпалшаралар дайындауда. Бейбітшілік пен сындарлы сұхбатты қолдайтын еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымы да сіздерге таныс. Ықпалшаралар, кез-келген сауда-саттық соғысы ақыр соңында ешкімге де пайда әкелмейді: барлығы да жеңіліс табады. Себебі енізіп жатқан елдерде де, әсіресе Еуроодақ үшін, шығын болмай қоймайды, өйткені Ресей көптеген сауда-саттық байланыстары бар, іргелі экономикалы ел. Ресей де ықпалшаралар енгізуде. Ресейдің өз өндірістік нарығын дамытуға тырысатындығы түсінікті. Алайда біз үшін де өндірісті және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруді жетілдіруге мүмкіндік туындайды», - деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер