astana-view

Қазақстандық бизнес: «Astana mall multi space»

2014 жылғы 08 Тамыз
3822 просмотров

Астанада инновацияларды құшақ жая қарсы алады. Бұны «Astana mall multi space» коворкингі сияқты іскер қаланың бір бөлігі борлып табылатын бизнестегі жаңа бағыт растайды. Қызметтердің орасан зор пулын қанатының астына алған 6000 шаршы пайдалы алаң айналасына жағымды іскерлік ахуал жасай отырып, Астананың ажырамас бөлігі болып табылады.

Мәселенің мәнісі

Коворкинг (co-working-бірлесе жұмыс жасаушылар) бізге АҚШ-тан келген. Бұл бағыттың негізін қалаушы деп бағдарламашы Бред Ньюбергерді атауымыз заңды. Сонау 2005 жылы өзінің мансап жолымен көтерілу барысында Бред заманауи және өзекті таңдау проблемасына тап болады. «Қазірде менің таңдауым – не болмаса бәрі де бұрынғыша анық және қызметкерлермен қатынаса отырып кеңседе жұмыс жасау, не еркін де тәуелсіз фриланс. Алайда неге екеуіне бірдей қол жеткізбеске?» - деген ой мазалаған бағдарламашы екі нұсқаны да біріктіріп жібереді. Жұмыс орнын ұйымдастырудың жаңа сызбасына ол коворкинг деген ат береді.

Біздің ойымыз: «Неге олай болмасқа?»

Astana Mall Multi Space нарықта 6 айдан бері келе жатыр. Және де айналасына адамдардың белгілі бір кластерін жинап үлгерді, ал егер нақтырақ айтсақ – бүгінде 350-ден астам қатысушысы бар екен.

«Біз жай ғана әрекет алаңын ұсынып қоймай, дамып келе жатқан елімізге көмек беруді қаладық. Астана жайлы сөз болғанда, көпшілігі сұраныс көлемі жеткіліксіз болады деп еді. Дегенмен біздің ой басқа жерден шықты. Астана – болашақтың қаласы. Ол үлкен қадамдармен алға жылжуда, сондықтан да дәл осы жерде жетістік аумағын құруға болады. Біз жай ғана жаңа форматтағы кеңсе емеспіз. Біз – табысты адамдар аумағымыз. Біздің мақсатымыз жайлы орындау алаңын ұсыну ғана емес, іскер әлемнің бір бөлігіне айналу».

Уақыттың ықпалында

Коворкингтің мақсаттық аудиториясы алуан түрлі бағыттағы қызмет жасайтын адамдар болып табылатынын айта кету керек. Шағын және орта бизнес, стартап-командалар, фрилансерлер. Айтпақшы, қазірден-ақ мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық жолға қойылуда.

«Корпоративтік сектор біздің алаңымызды қандай да бір бөлімнің бөлімшесі ретінде қарастыруы жиі кездеседі: маркетингтік, дизайн бөлімі немесе қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім. Себебі қазір көпшілік бұл бағытта мүлдем басқа атмосфера, уақыт атмосферасы ықпалының да мүлдем басқаша екендігін түсінеді».

Жалғыздың үні шықпас

Атмосфера жайына тоқтала кетсек. Жұмыс кеңістігі, смарт-кеңселер, релакс-аймақ, демалыс аймағы және келіссөз бөлмелері, конференц-залдар және дәмхана орналасқан 6000 шаршы. Бұл кеңсе де, үй де емес, оқу, іскерлік кездесулер мен жұмысқа арналған "үшінші орын". Ұжымшылдықтың бір формасы. Жұмысы шабыттануға тікелей байланысты шығармашылық тұлғалар үшін таптырмас орын. Сонымен қоса, Astana Mall Multi Space өңірлермен, сондай-ақ ТМД елдерімен ынтымақтастықты жөнге салуда.

«Біз Мәскеудің коворкерлерімен Қазақстандық коворкинг қатысушылары Мәскеуге келгенде үш күн бойы сонда тегін орналасып, жұмыс жасай алу мүмкіндігі төңірегінде әріптестік туралы шарт жасастық. Сонымен қатар, олардың қатысушылары да бізде жұмыс жасай алады. Біз көптеген коворкерлермен бірлесудеміз. Біздің мақсат – бірыңғай кеңістікке айналу. Ынтымақтастыққа Алматы, Шымкент, Қарағанды және Астананың коворкерлері қосылып та қойды. Біз олармен танысып, өз шарттарымызды ұсынуға тырысып жүрміз. Оның үстіне, барлық коворкерлермен телекөпір орнатып, үлкен конференциялар өткізбекшіміз. Апта сайын бүкіл Қазақстаннан бөлісері бар спикерлерді шақырғымыз келеді».

Әрекетке арналған кеңістік

Коворкинг неліктен ыңғайлы? Орташа кеңсеге жиһаз және басқа да интерьер атрибуттарын сатып алу керек, жалдау ақысын төлеу керек, техперсонал, ғаламтор қызметтері бар. Көбінесе мұндай жағдайда орналасудың ыңғайсыздығы мен машина аялдайтын бос орынның жоқтығы себебінен әріптесті шақыру қиындық туғызады. Проблема жетіп артылады. Осы бір жаттанды тірлік көпшілік үшін өткен күнде қалып барады, бүгінгі таңда осының бәрі қажет те емес.

«Орташа алғанда айтарлықтай қолжетімді сома – тәулігіне 2000 теңге орнатылды. Егер әлдекім клубтық пайдаланушы болуды қаласа, онда осылайша қолдануға болатын бірқатар қызмет түрлері бар. Бағалар ауқымы әртүрлі. Оны кез-келген адамның қалтасы көтереді және кез-келгеннің мақсатына лайық. Оның үстіне сіз 3 шаршыны емес, 6000 шаршы бос алаңды сатып аласыз».

Қиындықты ойға алмастан

Осыдан 5 жыл бұрын ғана кеңсе ретінде жалдамалы пәтерлер қолданылған, қазірде үлкен бизнес-орталықтар ашылып жатқан Астанада коворкингті бейімдеу айтарлықтай күрделі.

«Коворкингтің не екенін түсіндіру қиынға соғады. Мәселе осы жағдай қалыпқа айналатындай уақыттың жылжуында болып отыр. Бізде уақыт бар. Біз күтуге және дамуға дайынбыз. Алайда мұнда келген адам мүлдем басқаша көңіл-күймен қайтады. Әрине, көптеген күрделі сәттер ұшырасып қалып жатады, бірақ біз қиындықтарға мойымаймыз. Алдымызда тұрған міндет: жайлылықты қамтамасыз ету, және де біз осыған қарай жылжып келеміз».

Мәтін: Мичгона Жантенова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер