astana-view

Ұлттық палата мүгедектердің құқығын қорғайды

2014 жылғы 08 Тамыз
4634 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізілуге тиіс өзгертулер тізбесін жасап шықты. Ұсыныста негізгі аспект кәсіпкерліктегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары болып табылады.

2014 жылғы 5 тамызда ҰКП алаңында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектер құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс жиналысы өткенін еске сала кетейік. Оған мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қатысқан болатын.

Жиналыс аясында мүедек ұйымдарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуына, салық салуға, мүгедектердің жұмысқа орналасуына, сондай-ақ олар үшін жұмыс орындарының квотасын орнатуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

«Бүгінгі таңда шағын бизнес үшін квотаны орындау салмақты проблема болып табылады. Жұмыскерлерінің саны 34 және одан да көп адам болатын жұмыс берушілер 1 адамды ғана қабылдай алады. Ал егер жұмыскерлердің саны 33 және одан аз мөлшерді құраса, онда 33 жұмыскерден 3% 0,99 адамды құрайды», - деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.

ҰКП нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілер үшін нарықтық уәждеме қажет деген ойда. Сонымен, жиналыста Ұлттық палата мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдауға бизнестің қатысуын ынталандыру бойынша мына шараларды ұсынды:

- мүгедекті жұмысқа орналастыру үшін берілетін жұмыс орнын құруға шығынның орнын толтыру;

- мүгедектердің еңбек өнімділігінде айырмашылықты жабатын жалақыға  субсидия беру;

- оқу аяқталған соң да жұмыс орындарын қайта жабдықтауға қосымша дотация беру;

- мүгедектердің жұмыс орнын сақтап қоюға жұмыс берушілерді ынталандыратын дотациялар беру.

Сонымен қатар, Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов мамандандырылған кәсіпорындарды жетілдірудің уақыты келгенін атап өтті. Осыған орай мүгедектердің проблемаларын кешенді түрде шешуге көмектесетін осындай кәсіпорындарды дамыту бағдарламасын жасап шығу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер