astana-view

Базарларды бірыңғай стандартта салу қажет

2014 жылғы 08 Тамыз
3327 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер қойған сауалдарға жауап бере отырып, осындай ой айтты.

Бұл проблема төңірегін бірнеше апта бойы егжей-тегжейлі зерттей келіп, Ұлттық палата бірқатар ұсыныстар дайындағанын айта кету керек.

Кешегі күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Қазақстандағы сауда-саттық базарларының проблемасын көтерген болатын.

Елбасы «көлеңкелі экономика – бюджетке түсімдердің үлкен резерві»  екенін айта келіп, «Қазақстанда ұйымдастырылмаған, антисанитарлық, түрлі тәртіпсіздіктер орын алып отыратын жүздеген мың базар бар» екенін мәлімдеді. Осыған орай ұйымдасқан сауда орталықтарын салуға шақырды, және де бұл жерде әкімдіктер жедел қимылдарын көрсетуге тиіс: жер беру, еркін экономикалық аймаққа қосу, салықтардан босату және т.б. бойынша.

ҰКП Басқарма Төрағасы ОКҚ брифингінде сөз ала отырып, елдегі барлық базарлар үшін бірыңғай стандарт жасау қажет екендігін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық палата базарлар жұмысын ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын Үкіметке жолдап та қойған. Атап айтқанда, Палата барлық облыстар үшін базарлардың бірыңғай стандартын енгізуді ұсынады.

«Яғни базарлар жабық болу керек, автомобильдер қоятын орындармен, жеке гигиена бөлмелерімен, зертханалармен жабдықталуға тиіс, сатушылар үшін жағдай жасалып, барлық санитарлық нормалар сақталуға тиіс», - деп тізбеледі Абылай Мырзахметов.

ҰКП Басқарма басшысы базарларға салық төлеу үшін кассалар орнатқан дұрыс болатынын, не болмаса онда салық органының өкілі болуға тиіс екендігін қосты.

ҰКП Басқарма Төрағасы базарлардың орналасқан жері де маңызды роль атқарады деген ойда. Оның ойынша, базарларда орындарды бөлуде әкімдіктер сатып алушылар мен сатушылар үшін оның қаншалықты ыңғайлы болатынын ескеруге тиіс.

«Сәйкес инфрақұрылым болуға тиіс. Үкімет тарапынан субсидиялар қарастырылса. Егер кәсіпкер жаңа форматтағы базар салғысы келсе, онда Үкімет оны субсидиялармен қолдауға тиіс. Біз түсіндіру жұмыстарын мойнымызға алуға дайынбыз», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер