astana-view

Субсидияға да еңбек сіңіру қажет

2014 жылғы 07 Тамыз
3340 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі аптада Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ауыл шаруашылық өндірісін субсидиялау мәселелерін талқыға салмақшы.

ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде атап өткендей, Үкіметтің кеңейтілген отрысының қорытындылары бойынша Елбасы субсидияның шамадан тыс көп бөлінетіндігін, алайда, өкінішке орай оның сала өсуіне жағымды тұрғыдан әсер етпегендігін мәлімдей отырып, ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін сынға алды.

Президенттің айтуынша, агроөнеркәсіп саласында қайта өңдеу мәселелері өз шешімін күтуде. Қазіргі таңда елімізде өңделетін ауыл шаруашылық өнімінің жартысынан кем бөлігі одан әрі қайта өндірілуге жіберіледі. Сөйте тұра, еліміздің өндірістік қуаттылығының 30 пайызы ғана пайдаланылады.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік субсидияларды озық технологияларды енгізіп, қажетті дақылдарды өсіретін тауар өндірушілер ғана алу керек екенін баса айтты. Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің бытыраңқылығы мен ұсақ тауарлылығы проблемасын ауыл шаруашылық кооперациясын ынталандыратын заң жобасын жасау жолымен жою керек.

Абылай Мырзахметов Елбасының сынымен келісе отырып, «қазірде, ірі және орташа өндірушілердің пікірінше, тиісінше әсер бермейтін шамамен 23 түрлі субсидия бар» екендігін атап өтті. Осыған орай ҰКП Басқарма басшысы өндірілген өнімнің тоннасына шағып субсидия берген дұрыс болар деп есептейді.

Жиналыс жұмысына барлық ірі ауыл шаруашылық компанияларының өкілдері қатыспақшы. Онда Ұлттық палата сәйкес субсидиялау жағдайында жыл сайынғы өнімнің жекелеген түрлері өндірісін өсіру бойынша міндеттемелерді өндірушілерге жүктеу мәселесін талқыға салмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер