astana-view

Иван Сауэр: Кооперациялар құрып, субсидияларды қайта қарау керек

2014 жылғы 11 Тамыз
3841 просмотров

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы, «Родина» Агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэр ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласында, әрі отандық тауар өндіруші мен табиғи өнім пайдасына жағдайды түбегейлі өзгерту қажет деп есептейді.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз ала отырып, Иван Сауэр Елбасының аграрийлермен өткен барлық жиналыстар мен кездесулерінде үнемі айтып отыратын ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мәселелері отандық экономиканың, атап айтқанда, аграрлық сектордың дерті болып табылатынын атап өтті.

«Егер өсу жағынан қарайтын болсақ, онда, өкінішке орай, 2013 жылғы сүт өнімі импортының үлесі 2012 жылғымен салыстырғанда өскен. Статистикаға сәйкес, біз 5 млн 500 мың тонна сүт өндіреміз, алайда осы санның төрттен бірінен сәл ғана көп мөлшер қайта өңделеді», - деп жеткізді проблеманы белгілі аграрий.

Иван Сауэр мұны ұсақ тауар өндірісі мен орта тауар өндірісінің ішінара шикізатты қайта өңдеу процестеріне тартылмағандығымен байланыстырады, әрі бұл қасапшыларға да, сүт өндірушілерге де қатысты. Оның айтуынша, ұсақ кәсіпорындарда өндірілетін сүт пен ет көбінесе жануарларды тамақтандыруға кетеді, бұл негізінде дұрыс емес.  

Ақырында, Иван Сауэрдің айтуынша, батыстағы әріптестер елімізге сүт өнімі үшін құрғақ майсыздандырылған сүт түріндегі шикізат жеткізеп береді де, ол кейін қайта өңделіп, тұтынушыларымызға ұсынылатын болып шығады. Дегенмен аграрий елімізді табиғи өнімдермен қамтамасыз ете алатынымызға сенеді.

ҰКП агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын елдегі барлық фермерлердің кооперациясынан көріп отыр.

«Бізге кооперация қажет, ұсақ тауарлы өндірісті тарту қажет, әрі ештеңе ешқайда кетпейтіндей қылу керек», - деп қорытты бұндай проблемамен ресейліктердің де ұшырасқанын атап өткен Иван Сауэр. 

Оның айтуынша, кооперация құрумен бірге фермерлерге субсидиялар беру механизмдерін қайта қарау қажет. Ол туралы Елбасы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып еді.

Иван Сауэр атап өткендей, мемлекет субсидиялар түріндегі орасан зор қаражат бөлуде. Мал шаруашылығының дәл сол саласын дамытуға көптеген бағдарламалар бар. Алайда субсидияларды ұсыну механизмдерін қайта қарайтын уақыт келген сияқты.

«Қазіргі таңда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп жаңа ұсыныстар дайындаумен айналысып жатыр, және де бір айдың ішінде жақын арадағы екі-үш жылда өнімді өндіру, әрі оны отандық тауар өндіруші мен табиғи өнім пайдасына қайта өңдеу бойынша жағдаятты түбегейлі өзгертуге көмектесетін тұжырымдама пайда болады деп ойлаймыз», - деп хабарлады ҰКП АӨК Комитетінің басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер