astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті басынан бастау жолдарын көрсетіп әрі айтып береді

2014 жылғы 13 Тамыз
5461 просмотров

Бизнестің қандай түрімен айналысқан дұрыс? Жеке істі қалай ашу керек? Кәсіпкерлік салада алғашқы қадамды қалай жасау керек? Бизнесте қанша уақыт ішінде табысқа жетуге болады?

Ісін бастаушы кәсіпкерлер осы және басқа да көптеген сауалдарға жауапты www.palata.kz сайтында «Бизнес дамыту және қолдау» бөлімінен таба алады.

Өз бизнесін басынан бастап, бүгінде еңсесін көтеріп, дамып келе жатқан табысты жобалар, кәсіпорындар мысалында өз ісін қалай ашуға болатынын, ол үшін не істеу керек екенін, сосын болашақта оны қалайша жетістікпен  дамыту керектігін көрнекі түрде көрсетіп, таныстырады.

«Бүгінгі таңда елімізде жүздеген шағын кәсіпорын құрылып жатыр. Алайда, талдау көрсетіп отырғандай, көбінесе аудандарда адамдар қандай бизнеспен айналысып, оны кейін қалайша өркендету керек екендігін біле бермейді. Мұндай бағдарламалардың жақсы жері табысты әрі әлеуметтік бағдардағы кәсіпкерлер мысалында жағымды кәсіпкерлік имидж, бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі», - деген түсінік беріп кетті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров.

Оның айтуынша, бұл бағытта аз жұмыс жасалып жатқан жоқ, дегенмен ШОБ секторын толыққанды дамыту үшін жеткіліксіз.

Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дәріптеу бойынша жұмысты республикалық және өңірлік деңгейде күшейтіп, белсендіруде.

Асқар Әбубәкіров айтып кеткендей, алғашқы нәтижелер де көрініп жатыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік телеарнада өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ неден бастарын білмей жүргендерге арналған "Өз ісім" бағдарламасын іске қосты.

«Енді мұндай жобаларды күллі Қазақстан бойынша іске қосып, мультипликативтік әсерге қол жеткізу қажет. Ең бастысы – халық арасында кәсіпкерлікті насихаттайтын осындай бағдарламаларды барынша көлемді түрде қамтамасыз ету. Себебі, Елбасы өз сөзінде кәсіпкерлік дамымайынша, елімізде болашақ жоқ екенін үнемі айтып отырады», - деген түсінік берді ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер