astana-view

ҰКП Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы жобасын талқылауды ұсынады

2014 жылғы 14 Тамыз
5045 просмотров

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 81 бабы 2 тармағына сәйкес мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық кеңістіктің Ортақ электр энергиясы нарығын (бұдан әрі - ОЭЭН) қалыптастыру тұжырымдамасын дайындауда.

Тұжырымдама 2015 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекет Басшылары деңгейінде Жоғары экономикалық кеңеспен бекітіледі.

Тұжырымдама жобасы Одақтың ОЭЭН қалыптастырудың негізгі қағидаларына негізделген көзқарастар кешенін және Одақтың ОЭЭН қалыптастыру бойынша міндеттерді мүше мемлекеттердің орындау жолдары жүйесі болып табылады.

Тұжырымдама жобасында электр энергиясы нарықтарын біріктіру және ырықтандырудың әлемдік тәжірибесі, мүше мемлекеттердің бұрыннан келе жатқан үшінші елдер алдындағы міндеттемелерін анықтайтын халықаралық келісімдері, мүше мемлекеттердің электр энергиясы кешендері мен электр энергиясы нарықтарының қызмет етуі және дамуының  технологиялық, реттеуші, нормативтік ерекшеліктері.

Одақтың ОЭЭН құру мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

а) мүше мемлекеттердің және жалпы Одақтың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

б) мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

в) мүше мемлекеттер азаматтарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және әл-ауқатын көтеру;

г) мүше мемлекеттердің электр энергиясы кешендерінің қызмет етуінің экономикалық тиімділігі мен сенімділігін көтеру;

д) Бірыңғай экономикалық кеңістіктің электр энергетикасы аясында тауарлар мен қызметтердің қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету; 

е) электр энергетикасындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру;

ж) тұтынушылардың электр энергиясына сұранысын барынша қанағаттандыру;

з) мүше мемлекеттердің бәсекелестік бастауларындағы электр энергетикалық тауарлар мен қызметтер нарығы субъектілерінің экономикалық мүдделері теңгерімін қамтамасыз ету;

и) мүше мемлекеттердің қатарлас жұмыс жасайтын электр энергетикалық жүйелері негізінде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық кешендерінің кезең-кезеңмен интеграциясы;

Осыған орай ҚР ҰКП өз ұсыныстарыңызды және/немесе ескертулеріңізді Экономикалық интеграция департаментіне жолдауды сұрайды. Байланыс мәліметтері: +7/ 7172/ 919-372.

БЭК Ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасы

Тұжырымдама жобасына негіздемелік материалдар

БЭК ОЭЭН тұжырымдамасы жобасына негіздеме from Palatakz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер