astana-view

Жас келсе – іске

2014 жылғы 15 Тамыз
4682 просмотров

Жұмысшы кәсіптердің беделін жандандыру – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Қазақстанның Еңбекші және ауыл жастары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған байқаудың мақсаты осы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Еңбек адамы» байқауы елімізде дарынды, кәсіби және белсенді жұмыскер жастарды анықтауға, жұмысшы жастардың қызметін белсендіруге, жас мамандардың шығармашылық, танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыруға, жұмысшы мамандықтардың беделі мен тартымдылығын көтеруге көмектеседі.

ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров айтып бергендей, бұл жоба үстіміздегі жылы алғаш рет іске қосылған. Бұдан әрі бұл байқауды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Асқар Әбубәкіров

«Байқау міндеті Қазақстанның кәсіпорындарында, еліміздің әрбір ауданы мен қаласында белсенді жұмыс жасайтын жас мамандарды табу, қол жеткізген нәтижелерді, жұмысқа деген құлшынысты, өз кәсіпорнына арналған жаңа идеялар мен ұсыныстарын көру», - деп атап өтті ол.

Байқауға қатысу үшін жұмыс орнынан презентация мен фотосурет, қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат беру қажет, сондай-ақ жұмыс мәнін, қызметтегі жетістіктер мен басқа да жағымды нәтижелерді ашатын бейнеролик те ұсынуға болады.

Сонымен қатар компанияның бірінші басшысынан ұсыныс хат әкелу қажет. «Бұл тармақтың да маңызы жетерлік деп ойлаймын, себебі, өз жұмыскерлері туралы басшыдан асып ешкім біле қоймас», - деді Асқар Әбубәкіров.

Қазақстанның Еңбекші және ауыл жастары қауымдастығының атқарушы директоры Анар Мәжит хабарлағандай, байқау 6 номинация бойынша өткізіледі: «Металлургия саласының ең үздік жас жұмыскері», «Тау-кен химия саласының ең үздік жас жұмыскері», «Мұнай-газ саласының ең үздік жас жұмыскері», «Құрылыс саласының ең үздік жас жұмыскері», «Машина жасау саласының ең үздік жас жұмыскері», «Көлік жүйесінің ең үздік жас жұмыскері».

Анар Мәжит

Байқауға қатысушының жұмысын бағалауда қазылар алқасы өз кәсіпорнының дамуына қосқан үлесін, еңбек үшін бірнеше мәрте ынталандырудың болуын (дипломдар, мадақтамалар, алғыс хаттар), сондай-ақ бастамашыл ұсыныстарды, кәсіби қызметтен тыс шығармашылық мүддені, білім деңгейін, білімді көтеруге деген талпыныс, жұмыс орнындағы жеке жетістіктер және өз жұмысын орындау сапасын ескереді.

«Байқау жеңімпазы жастарымыз үшін үлгі болады, яғни оған теңескісі келіп, оның арқасында жұмысшы болудың қаншалықты беделді екенін көреді. Менің ойымша, бұл мектеп бітірушілердің мамандық таңдауына көмектеседі, олардың таңдауын анықтап, жұмысшы мамандығын иеленген адамның жұмыссыз қалмайтынын түсінуге көмектеседі», - деп атап өтті Анар Мәжит.

Байқауға қатысу үшін үміткер құжаттар пакетін электронды түрде Қазақстанның Еңбекші және ауыл жастары қауымдастығына ұсынуға тиіс: tsmkaz@mail.ru  «Еңбек адамы» белгісімен.

Қорытынды шығарудағы басты ерекшелік жеңімпаздарды табысты кәсіпорындар басшылары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанның атақты тұлғалары мадақтайтындығы болып табылады. Жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады. Бұдан әрі жеңімпаздарды республикалық телеарналарда, газеттер мен журналдарда өркендету жоспарлануда.

Байқауға іріктеу және республикалық жобаның қорытындысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ҰКП парақшаларында жарияланып отырады, және де Еңбекші және ауыл жастары қауымдастығының www.tsmk.kz сайтына орналастырылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер