astana-view

Нұрсұлтан Назарбаев: Үкіметті қайта ұйымдастыру бизнес үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға бағытталған

2014 жылғы 15 Тамыз
4301 просмотров

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмимен кездесу өткізіп, онда 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы соттардың жұмыс қорытындылары мен Жоғарғы соттың ағымдағы қызметі талқыға салынды, деп хабарлайды akorda.kz.

Елбасы мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, еліміздің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде, шағын және орта бизнес субъектілерінің және инвесторлардың құқықтарын қорғауда, олардың қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасауда сот жүйесінің ерекше орын алатынын атап өтті.

Қазақстанның Президенті Үкіметті қайта ұйымдастыру, оның жинақы құрамға өтуі бизнес үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға бағытталғанын баса айтты.

«Осыған орай біз тексерістерді қысқартуға бағытталған, кәсіпкерлікті реттеудегі мүлдем басқа ұстанымды енгіземіз. 2015 жылға дейін тексерістерге мораторий жарияланғаннан кейін  жағдай нашарлаған жоқ: салықтар бұрынғыша түсіп жатыр, бизнес субъектілері жұмыстарын жалғастыруда. Бұл рұқсат беру жүйесіндегі көптеген процедуралардың, түрлі тексерістердің толығымен кедергі екенін білдіреді», - дейді өз сөзінде Елбасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер