astana-view

Қазақстанда жекешелендіру аясында 27 нысан сатылып үлгерді

2014 жылғы 14 Тамыз
4162 просмотров

Бұл туралы хабарламаны ҰКП Макроэкономика департаментінің директоры Инна Филипович ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз орталығында өткен брифингте жасады.

Оның айтуынша, 2014 және 2016 жылдар аралығында Қазақстанда 783 республикалық, коммуналдық және квазимемлекеттік меншікті жекешелендіру жоспарланып отыр.

ҰКП департаменті директорының хабарлауынша, «биылғы жылы өткізуге 300 нысан шығарылған, олардың арасынан 27 нысан жалпы 1 080 млн. теңге (1,1 млрд теңге) сомасына сатылған (бұл нысандардың  бағалау құны 504,3 млн. теңге болған жағдайда). Сонымен бірге коммуналдық меншіктің бір нысаны бойынша электронды байқау көмегімен сату бағасы бастапқы бағадан 25 есеге асып түскен. «Сонымен, Шығыс Қазақстан облысындағы салттық ЖШС бағалау құны және бастапқы бағасы 384 мың теңге бола тұрып, 10 млн. теңгеге жуық сомаға сатылып кеткен, оның үстіне сату бірінші реттен орын алып, нысан бағасы бес минут сайын өсіп отырған», - деп түсіндірді Инна Филипович.

Ол сонымен қатар қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігінің жекешелендіруге жататын нысандар тізбесіне оны кеңейту тұрғысынан өзгертулер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. ҰКП және ӨКП құрамына кіретін Комиссиялар құрамдары қалыптасқан.

«Оның үстіне өңірлерде құрылып жатқан комиссиялар құрамы ерекшеленеді. Мысалы, Қызылорда облысында ӨКП өкілдерінің қатысуымен 3 комиссия, ал Павлодар облысында 2, Алматы облысында 5 комиссия әрекет етеді. Барлық жекешелендіру нысандары (республикалық, коммуналдық және квазимемлекеттік меншік) бірыңғай алаңда – мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (gosreestr.kz) өткізіледі», - деген ақпарат берді Инна Филипович.

Департамент директоры сонымен қатар мүлік сатылымы бойынша элетронды сату бөлімінде барлық сатулар тізбесі түріндегі ақпарат, жекешелендіру мәселелерін реттемелейтін НҚА, сатушылар мен электронды сатуға қатысушылар үшін таныстыру-нұсқаулық, сатуға тіркелу үшін порталды пайдалану туралы бейне-нұсқаулық, жекешелендіру нысандарының бекітілген тізбесі және инфографика, электронды сатуларды жүргізу ережелері берілген.

«Самұрық-Қазынаның» ресми порталында «Дауыс беретін акциясының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде меншіктік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тиесілі активтер мен нысандарды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және ұйымдардың өткізу ережелері» орналастырылған. ҰКП ресми порталында «Бизнесті қолдау» бөлімінде «Жекешелендіру» қосымшасы жасақталған. Онда жекешелендіру процестері бойынша қажет ақпаратқа белсенді сілтемелер және инфографика, сондай-ақ республикалық меншікті жекешелендіру жөніндегі комиссия отырысының негізгі қорытындылары туралы ақпарат жарияланған», - деп қосты Инна Филипович.

Сонымен қатар, ӨКП-ға және ҰКП жанында аккредиттеуден өткен Қауымдастықтарға анықталған проблемаларды мемлекеттік органдармен сындарлы талқыға салу мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысының проблемалы мәселелері бойынша ұсыныстар беру туралы сұраулары жолданған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер