astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы эндаумент-қорлар қызметін нығайтуды ұсынуда

2014 жылғы 19 Тамыз
5794 просмотров

Әлеуметтік саясат саласындағы қаржыландыру көздерін әртараптандыру және мемлекеттік шығындарды төмендету қажеттігі салдарынан жеке меншік қаражатты тартумен оңтайлы механизмдерді іздеу өзекті болып табылады.

«Әлемдік саясатта эндаумент-қорларды құру және функцияландыру көмегімен әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру механизмі әрекет етеді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес эндаумент – бұл коммерциялық емес мақсатта қолдануға, ережеге сай, білім беру, медицина, мәдениет мекемелерін қаржыландыруға арналған мақсаттық қор», - деді өзінің берген сұхбатында ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің Төрағасы Талғат  Доскенов.

Сонымен, АҚШ-та эндаумент қаражаты жылдық табыстың 40-50% дейінгі мөлшерін әкеледі және университеттердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландырудағы маңызды көз болып табылады. АҚШ ең алғашқы және ірі эндаумент-қорларының бірі Гарвард университетінің қоры болып табылады, оның негізгі капиталы 2013 жылы 32,7 млрд. АҚШ долларын құраған, ал тіркелген инвестициялық табысы 3,3%, немесе шамамаен 950 млн. АҚШ долларын құраған.

Қазіргі уақытта Ресейде коммерциялық емес ұйымдарды қолдау үшін құрылған, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт (кәсіпқой спортты қоспағанда), өнер, мұрағат ісі, әлеуметтік көмек (қолдау), қоршаған ортаны қорғау, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету және оларды құқықтық ағартуды жүзеге асыру салаларында әрекет ететін мақсаттық капиталдың шамамен 85 қоры  (эндаумент-қор) тіркелген.

Қолдау салалары бойынша мақсаттық капитал қорлары мына түрде бөлінген: білім беру саласында қорлардың шамамен 59%-ы, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қолдау саласында шамамен 18%, мәдениет саласында – шамамен 14%, ғылым саласында – 6,5% және спорт саласында 2,5% әрекет етеді.

Талғат Доскенов

«Біздің ойымызша, эндаумент-қорлар институты жалпы қайырымдылық институтын дамыту үшін ықпалды механизм бола алады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың, халықтың басқа да осал топтарының, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және т.б. мекемелердің проблемаларын шешу мақсатында эндаумент-қор механизмін пайдаланумен бірқатар қайырымдылық қорларын құру қажеттігі пісіп жетілді», - деп түсіндірді Талғат Доскенов.

Сонымен бірге қазіргі таңда ұлттық заңнамада «эндаумент-қор» ұғымының жоқ екенін және мұндай қорлар қызметінің реттелмейтіндігін, бұның бірқатар тәуекелдер тудыратынын айта кету керек.

Салық органдары эндаумент-қорларды коммерциялық емес ұйым деп таныған жағдайда, эндаумент-қор капиталын қалыптастыруға ақша қаражатына салық салу тәуекелі туаныдайды.

Мысалы, Ресей Федерациясында Салық Кодексінің 146 бабы 2 тармағы 8 тармақшасына сәйкес коммерциялық ұйымның мақсаттық капиталын қалыптастыруға немесе толықтыруға ақшалай қаражат немесе жылжымайтын мүлік беру салық салу нысаны болып танылмайды.

Заңнамамызда эндаумент-қорлардың қызметі реттелмейтінін ескере отырып, ҰКП «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының аясында заңнамалық тұрғыдан осындай қор капиталының құрылуы, қызмет етуі және қолданылуы тәртібін реттеу бойынша негізгі ұғымдарды анықтап, нормаларды енгізген дұрыс деп санайды.

Қайырымдылық белсенділікті ынталандыру үшін ресейлік салық заңнамасындағыдай Салық кодексінде коммерциялық емес ұйымның мақсаттық капиталын қалыптастыруға немесе толықтыруға ақшалай қаражат немесе жылжымайтын мүлікті беруді салықтан босататын норманы қарастыру қажет.

«Сондай-ақ алынған инвестициялық табыс әлеуметтік мақсатта (университеттер, ауруханалар және т.б.) қолданылатынын ескере отырып, мақсаттық капиталдан алынған табысты салықтан босатуды қарастыра отырып, салық заңнамасына, атап айтқанда, 135 бапқа өзгертулер енгізу қажет.

Біздің ойымызша, эндаумент-қорларды іске қосу жалпы әлеуметтік саланың дамуына серпін береді және біздің елімізде кәсіпкерлердің жаңа, әлеуметтік саланы қолдау мәдениеті туындар еді», - деп қорытты Талғат  Доскенов.

Қазақстандық бизнес-қауымдастық та бұл бастаманы қолдап, уақытында қозғалғанын атайды.

«Бұл саладағы жұмыстың жалғасын толықтай қолдаймын. Қажет нормативтік-құқықтық орта пайда болған жағдайда бізде эндаумент-қорды құру мүмкіндігі пайда болып, ол қоғамдағы кәсіпкерлік сананың дамуына мүмкіндік береді де, бұл кейін жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, инновацияның дамуына, экономиканың гүлденуіне көмектесетін болады. Басқаша айтқанда, біз өздері тұрып жатқан қоғамның мейірбан және ұқыпты мүшелері боып табылатын экономикалық тұрғыдан тәуелсіз тұлғалар қоғамдастығын құруға және кеңейтуге тырысуға тиіспіз», -дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Төрағасы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының Бас директоры Исламбек Салжанов. 

Исламбек Салжанов

Төрағаның сөзіне сүйенсек, мұндай қордың қызметкерлері қоғамдағы кәсіпкерлік сананы дамытудан болатын экономикалық әсердің қалайша көрініс беретінін жақсы түсіну үшін, тәлімгерлермен, зерттеушілермен және басқа да тараптармен ынтымақтастық орнатар еді.

«Мұндай жұмыс көшбасшы кәсіпкерлердің келесі буынын үйретуге, кәсіпкерлік дағдылар мен қабілеттер бағдарламасын жасап, таратуға, кәсіпкердік өз кәсіпорнын іске қосып, дамыту жүретін ортаны үнемі жақсартып отыруға мүмкіндік береді», - деп есептейді Исламбек Салжанов. Ол сонымен қатар қордың республикадағы кез-келген білім беру мекемесінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған курс немесе пәнді енгізумен айналыса алатынын атап өтті.

Исламбек Салжановтың ойынша, алдымен Қазақстанда қалыптасқан жағдай мен мәдениетті ескере отырып осындай қорларды басқарудың ашық та тіимді жүйесін құруға аса жоғары ұқыптылықпен қарау қажет. «Эндаумент-қор ұғымы Қазақстанда айтарлықтай жаңа болып табылатындықтан, инвестициялық стратегияларға, қор активтерін басқаруды тапсыруға болатын қорларға, компанияларға қаражат тарту стратегияларына қатысты барлық аспектілерді мұқият зерттеп-білу қажет», - дейді Исламбек Салжанов.

Осыған орай, кәсіпкер қоғамдағы кәсіпкерлік рух пен сананың дамуын қолдау саласында бұрыннан жұмыс жасап жүрген Құрама Штаттардағы Kauffman Foundation жұмысын мұқият зерттеуді ұсынды.

«Менің ойымша, бұл қордың жұмыс тәжірибесінен аларымыз көп және жергілікті ерекшелікті ескере отырып қолданылатын ұснтанымдарға алдын-ала өзгертулер енізе отырып, республикамызда енгізу қажет», - деп қорытты Исламбек Салжанов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер