astana-view

«Еңбек адамы» байқауы бастау алды

2014 жылғы 21 Тамыз
7053 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетімен және «Қазақстанның еңбекші және ауыл жастары қауымдастығымен» бірлесіп жұмысшы жастар арасынан дарындарға іздеу салады.

Жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жастар мен халық арасындағы белсенді  кәсіптік бағдар жұмысы білікті мамандарды дамыту және даярлаудағы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жұмысшы жастар арасында өтетін «Еңбек адамы» республикалық байқауы жұмысшы мамандықтар беделі мен имиджін көтеу, осы саланы насихаттау бойынша көлемді іс-шаралардың бірі. Бұл жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеті болып табылады.

Байқаудың басты мақсаты – дарынды, кәсіпқой және белсенді жастарды іріктеу.

Қорытынды жасаудағы басты ерекшелік жеңімпаздарды табысты кәсіпорындардың басшылары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанның атақты тұлғалары марапаттайтындығы болып отыр. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Одан кейін жеңімпаздарды республикалық телеарналарда, газеттер мен журналдарда өркендету жоспарлануда. Жұмыс берушілердің де жеңімпаздарды ынталандыруы мүмкін.

 

Номинациялар

- «Металлургия саласының ең үздік жас жұмыскері»;

- «Тау-кен химиясы саласының ең үздік жас жұмыскері»;

- «Мұнай-газ саласының ең үздік жас жұмыскері»;

- «Құрылыс саласының ең үздік жас жұмыскері»;

- «Машина жасаудағы ең үздік жас жұмыскер»;

- «Көлік жүйесіндегі ең үздік жас жұмыскер».

- Көрермендер көзайымы сыйлығы (Бұл тармақ Әлеуметтік желілердегі дауыс беру нәтижелері бойынша берілетін болады).

Байқауға қатысу тәртібі және шарттары

- Жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі көрсетілген өмірбаян;

- Сауалнама-өтінімді толтыру;

- Кәсіпорын кәсіподағының мінездемесі және/немесе әріптестерден пікірлер (кем дегенде 3адам);

- Фотосуреттер (кем дегенде 7 д.) және/немесе «Мен және менің жұмысым» тақырыбындағы презентация (Microsoft Power Point форматында және/немесе бейнеролик);

- Еңбек кітапшасының көшірмесі;

- Компанияның Бірінші басшысынан ұсыныс хат;

- Құжаттар тобы электронды түрде мына e-mail арқылы ұсынылады: tsmkaz@mail.ru «Еңбек адамы» белгісімен.

Қатысушыға арналған негізгі өлшемдер:

- Қатысушының жасы 29 жасқа дейін болуға тиіс;

- Жұмыс өтілінің маңызы жоқ;

- Жұмыскер кәсібінің маңызы жоқ (бастысы номинация тізіміндегі салада жұмыс жасау)

- Марапаттау рәсіміне қатысушының келуіне төлем жасалмайды. Төлем жеке қаражаты немесе кәсіпорын есебінен жасалады.

 

Байқау ережесі жүктеу.

 

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Адами капиталды дамыту департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз +7 (7172) 91 93 43.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер