astana-view

Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара сауда көлемі төмендеуде

2014 жылғы 21 Тамыз
4364 просмотров

 

Еуропалық экономикалық комиссияның жедел мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта КО және БЭК аясындағы өзара тауарлар саудасының көлемі 27,6 млрд. АҚШ долларын құраған.

Өзара сауда-саттық көлемінің жалпы қысқаруы 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 677,8 млн. АҚШ долларын, немесе 11,7% құраған.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы өзара сауда көлемі 23,8%-ға, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 0,2%-ға қысқарған.

Оның үстіне Қазақстаннан Ресейге қара металды экспорттау көлемі 32,1 млн. АҚШ долларына, немесе 7,7% азайған. Қазақстаннан Ресейге бидай экспорты 154,6 млн. АҚШ долларына, немесе 3,8 есе қысқарған.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық көлемі 2014 жылғы қаңтар-маусымда 51,9 млрд. АҚШ долларын құраған, оның ішінде экспорт – 39,3млрд. АҚШ доллары, импорт – 12,6 млрд. АҚШ доллары.

2014 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8% төмендеген. Қазақстандық экспорт 0,3%-ға төмендесе, импорт 10%-ға төмендеген.

Экспорт көлемінің төмендеуі Қазақстан экономикасы өсу қарқынының баяулауымен шартталады. ҚР Сатистика жөніндегі агенттік мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген ЖІӨ көлемі шынайы шамада 3,9% ұлғайған. Сонымен бірге өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,4% төмендеген. Ұлттық экономика өсу қарқынының баяулауы сыртқы тұрақсыз жағдайларға байланысты. Ресей Федерацияның экономикасында рецессия басталды (2014 жылғы II тоқсандағы ЖІӨ өсімі - 100,8%).

Импорттың қысқаруы үстіміздегі жылдың ақпан айындағы теңге бағамының түзетілуіне байланысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер