astana-view

Ұлттық палата қазақстандық өндірушілердің мүддесін қорғады

2014 жылғы 25 Тамыз
3576 просмотров

«Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы» РФ Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» РФ Үкіметінің қаулысына сәйкес Ресей Федерациясының шыққан жері АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Канада, Австралия және Норвегия Корольдігі болып табылатын ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті РФ аумағына енгізуге тыйым салғаны белгілі.

Бұл шектеулердің Ресей Федерациясының аумағына ғана өнім әкелуге таралғанына қарамастан, РФ кеден органдары қазақстандық жүктерді ұстап, қайтара бастады да, осылайша Қазақстан өндірушілеріне айтарлықтай залал келтірді.

Ұлттық палата бұл мәселеге тез арада жауап қатып, проблеманы Қазақстан Үкіметінің талқылауына және шешім қабылдауына шығарды. Үстіміздегі жылдың 16 тамызында Мәскеуде өткен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен қазақстандық делегацияның кездесуі барысында проблеманы реттеу үшін бұл мәселе де алға тартылды.

Жоғарыда көрсетілген проблеманы шешуде Ұлттық палатаның белсенді ұстанымының нәтижесінде қазіргі кезде барлық өңірлік кеден басқармаларына, кедендерге, тікелей Ресейдегі ФКҚ қоластындағыларға Ресей ФКҚ басшысы А.Бельяниновтың «Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» Ресей ФКҚ Бұйрығын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен әкелінетін, Қазақстан Республикасының ішкі тұтынуына арналған жекелеген санаттағы тауарларына қатысты қолданбау туралы нұсқауы бағытталды.

 

Телетайпограмма мәтінімен мына жерде танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер