astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сот органдарының бірыңғай базасына қолжетімділік болуға тиіс

2014 жылғы 26 Тамыз
3845 просмотров

 

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесіне қосуды өтінеді.

ҰКП және өңірлік палаталар басшылығының қатысуымен өткен Жоғарғы Соттың селекторлық жиналысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осындай ұсыныс жасады.

ҰКП Басқарма басшысы бейнеконференция барысында атап өткендей, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған сәттен бері оның қызмет еткеніне аз ғана уақыт өткеніне қарамастан, бүгінде бірлескен күш жұмсап шешуді талап ететін жүйелік мәселелер туындап отырады».

Абылай Мырзахметовтың сөзіне сүйенсек, ҰКП-ның сот органдарының бірыңғай базасына қосылуы сот шешімдерінің негізінде сот тәжірибесін зерттеуге деген өткір қажеттілік туындап отыратын болғандықтан, бизнесті құқықтық қорғау бойынша Ұлттық палатаның функцияларын жетілдіру мақсатында қажет. Оның айтуынша, базаға осындай қолжетімділік ҰКП-ның барлық деректерді көруіне, талдауына және өз жұмысында қорытынды жасауына мүмкіндік берер еді.

«Судьялар кәсіпкерлер пайдасына шешім қабылдайтын дауларда судьялардың мемлекеттік органдардың қандай да бір әрекетіне қаулы шығару құқығы бар екенін көріп жүрміз. Біз осының міндетті болғанын қалаймыз, себебі егер сот мемлекеттік органмен дауда олардың қателігін көрсе, мемлекеттік органдардағы сәйкес лауазымды тұлғаның лайықты жаза тартқаны кәсіпкерлер үшін маңызды», - деп атап өтті ҰКП Басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Абылай Мырзахметовтың ойынша, жеке меншік бизнес мүддесін қозғайтын нормативтік-құқықтық базаны жақсарту үшін, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары жобаларын даярлауда ҚР ЖС және ҚР ҰКП әрекеттестігі механизмі мен тәртібін анықтап алу қажет. 

Осыған орай Абылай Мырзахметов  ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына ҚР ҰКП бастамалық ұсыныстарын талқылау бойынша сараптама тобын құруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер