astana-view

Заңды бұзған шенеунікті жазалау қажет

2014 жылғы 26 Тамыз
3599 просмотров

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер бастамасын қолдайды және мемлекеттік органдар тарапынан заңды құқықтар мен мүдделерді бұзу деректері анықталған жағдайда олардың заңнаманы бұзуға жол берген басшыларына және/немесе лауазымды тұлғаларға қатысты жеке ұйғарым енгізуге сотты міндеттеуді сұрайды.

ҰКП және Жоғарғы соттың бейнеконференциясы барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осындай ұсыныс айтты.

ҰКП Басқармасының басшысы түсіндіріп кеткендей, «Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот отырысында заңды бұзу оқиғаларын анықтаған кезде судьяның жеке ұйғарым шығарып, оны бір ай мерзімі ішінде қабылдаған шаралары туралы хабарлауға міндетті сәйкес органдарға, басқару функцияларын орындаушы лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жолдауына мүмкіндік беретін норма бар».

«Алайда судьяның бұл міндеттемесі емес, ҚҰҚЫҒЫ болғандықтан, көбінесе судьялар мемлекеттік органдар өкілдеріне ауызша ескерту жасап, олардың басшыларына қатысты және/немесе заңды бұзуға жол берген мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жеке ұйғарымдар шығармайды», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Төрағаның ойынша, «кәсіпкер сотқа дейін жеткен кезде, сотта мемлекеттің үшінші конституциялық билігі ретінде өзінің ақтығын және өзіне қатысты мемлекеттік органдар әрекетінің заңсыздығын дәлелдеген кезде, сот өзінің әрекетімен және/немесе әрекетсіздігімен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту бойынша шара қабылдауға міндетті».

Осыған орай ҰКП кәсіпкерлер бастамасын қолдап, мемлекеттік органдар тарапынан заңды құқықтар мен мүдделерді бұзу деректерін анықтаған жағдайда сотты заңнаманы бұзуға жол берген олардың басшыларына қатысты және/немесе лауазымды тұлғаларға қатысты жеке ұйғарым шығаруға міндеттеу тұрғысындағы мәселені пысықтауды сұрайды.

«Бұл түзету елдегі жемқорлықпен күрес бойынша көптеген проблемалы мәселелерді жүйелік түрде шешуге мүмкіндік береді, себебі әрбір шенеунік өзінің заңсыз әрекеті және/немесе әрекетсіздігі сотта дәлелденсе, жауапкершілікке тартылуы даусыз екенін біліп жүретін болады», - деп түсінік беріп кетті Ұлттық Палатаның Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер