astana-view

Бизнес аралық сотқа сенім артады

2014 жылғы 26 Тамыз
3654 просмотров

 

Аралық соттар мәселелері жөніндегі Заңды енгізу кәсіпкерлік саласындағы дауларды шешу жеделдігі мен сапасын көтереді.

ҚР ҰКП және өңірлік кәсіпкерлер палаталары басшылығының, сондай-ақ жергілікті соттар судьяларының қатысуымен ҚР Жоғарғы Сотында өткен селекторлық жиналыста сөз сөйлеген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, бұрындары Бас прокуратурамен жүргізілген бейнеконференциялар елдегі бизнес дамуының проблемалы мәселелерін талқылауға және оларды шешу бойынша жүйелік шараларды қолдануға мүмкіндік берді.

«Қазақстан Республикасындағы соттар тәуелсіз және олардың қызметіне ешкім араласа алмайды. Дегенмен де біз бірлескен жұмыстардың келешегі бар деген ойдамыз», - деп атап өтті Абылай Мырзахметов. 

ҚР ҰКП басшысы баса айтып кеткендей, «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және ол азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді».

ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми өз кезегінде «Елбасы ауданаралық экономикалық соттар жұмысын жетілдіруге, кәсіпкерлердің, соның ішінде шетелдік және ұлттық инвесторлардың дауларын шешу бойынша отандық соттар жұмысының сапасын көтеруге тапсырма берді», - деп атап өтті.

Сонымен бірге, аталып өткендей, соттар мен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынасында заңнамадағы кемшіліктерге байланысты белгілі бір проблемалар да бар. Мысалы, мемлекеттік органдар әрекетіне дау туған жағдайда құқықтық аялардың тиімділігіне дербес әкімшілік іс жүргізу кодексінің жоқтығы да әсерін тигізеді.

Қазіргі күні Қазақстанда аралық соттар мәселелері бойынша заң жобасы дайындалып жатқаны белгілі. Оны дайындауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да ат салысып жүр.

«Бұл Заң Елбасының тапсырмасы бойынша дайындалуда. Ол қазақстандық бизнес үшін ерекше маңызды болып табылады. Бұл заңды енгізу кәсіпкерлік саласындағы дауларды шешудің жеделдігі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді», - деген түсінік беріп кетті ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.  

Ол сонымен бірге «отставкадағы судьялар да өзінің бүкіл тәжірибесі мен соттағы тәжірибесін пайдалана отырып, заң жобасына орынды ұсыныстарын енгізетіндігін» атап өтті.  

«Құқықтық алаң аясындағы бірлескен күштерімізді сала отырып, Жоғарғы Сот пен Ұлттық палатаның әрекеттестігі туралы Меморандум жасаса аламыз, және де осы Меморандум негізінде еліміздегі кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша заңнамалық актілермен бізге жүктелген функцияларды біршама жемісті жүзеге асыруға болады, деген ойдамыз.», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер