astana-view

Тексеріс – сенім кепілі

2014 жылғы 27 Тамыз
3695 просмотров

 

Қазақстанның мейрамханаларын бұрындары ең көп «тексерілетін» бизнес нысандары деп атауға болатын. Алайда ҚР Презмдентінің үстіміздегі жылдың 27 ақпанында қол қойған, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы күшіне енген №757 Жарлығы еліміздегі мейрамхана иелерінің өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Елбасының бұл Жарлығына сәйкес, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінен бастап шағын және орта бизнес тексерулерін жүргізуге мораторий жарияланды.

Еліміздегі мейрамхана иелерінің тексерістер туралы ойлары қандай екен?

Константин Авершин

Константин Авершин Рэд Драгон компаниясының басшысы

«ШОБ нысандарын тексеруге мораторийлер қажет. Ауадай қажет, әсіресе стартаптар үшін. Себебі барлық тексеруші органдар ШОБ-ты қосымша табыс көзі ретінде қарастырады. Салықшылар және СЭС бастап, өрт сөндірушілер мен нешетүрлі «әкімдіктегі» экологтарға дейін. Тоқпақтағың келсе, таяқ табылады, дегендей. Кейде осы органдардың барлығы ШОБ-ты жою үшін ғана құрылғандай. Тексеріс процестерін түбірімен өзгерту керектігіне әбден көзім жетті. Ал жаңадан басталған бизнес есін жиғанша тексеруге мүлдем тыйым салу керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аса қырағы және ақылды адам. Елбасымыздың арқасында ШОБ-тың дамуы үшін көп нәрсе істеліп жатыр және ол ресурстардың күндердің бір күнінде таусыларын анық түсінеді, ал Қазақстан үш алып РФ, ҚХР мен Иран арасындағы ерекше орынды алып жатыр. Экономикамыз да қызмет етіп тұру үшін, ШОБ құрамдасы 60%-дан аз болмауға тиіс».

Юрий Пааль

Юрий Пааль  ФИГАРО КАТЕРИНГ креативтік директоры

«Тексерістер қажет, бірақ олар негізді болуға тиіс. Дезинфекцияны мейрамханалар мен дәмханалардың алаңдарында ғана жүргізу қажет емес, ортақ қолданыстағы қоқыс жинайтын орындарды да қадағалаған дұрыс. Шыбын-шіркеймен күресті санитарлық станциялар орындауға тиіс. Тексерістер өз алдына, тазарту іс-шараларын да жүргізіп отыру керек. Инспекциямен жазалау емес, осы олардың негізгі жұмысы. Өрт сөндірушілер де жер-жерлердегі сөндіру шараларының жай-күйін тексеруге тиіс. Оларға сонша шағымым да жоқ, мейрамхана жұмысына кедергі келтірмейді және қатты ренжітпейді де. Егер барын анықтап, бәрі орнында тұрса, проблема да жоқ».

Самат Айтенов

Самат Әйтенов Wagon Restaurants

«Мейрамханада барлығы да талапқа сәйкес келсе, қорқатын ештеңесі де жоқ».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер