astana-view

Алматы қаласындағы қаржы нарығын реттеу жөніндегі Ұлттық үстіндегі орган 2025 жылдан ертерек құрылатын болды

2014 жылғы 27 Тамыз
4182 просмотров

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық банкі, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы, қаржы ұйымдарының қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ұлттық банк Төрағасының Орынбасары Данияр Ақышев осындай хабарландыру жасады.

Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақ аяында Қазақстанның қаржы нарығының даму келешегі талқыға түсті.

«Осы сәтке орай қаржы нарығы заңнамасын үйлестіруді жүргіземіз, сондай-ақ ұлттықтың үстіндегі орган функцияларын анықтап аламыз деп болжанып отыр», - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары сонымен қатар бірыңғай валюта енгізіп, бірыңғай ақша-кредит саясатын жүргізу мәселесі төңірегінде түсінік беріп кетті.

«Бұл бөлім (ЕАЭО Шартындағы – ескерту) мұндай ережеден тұрмайды. Бұл тікелей соңғы мақсат түрінде еш жерде белгіленбеген, яғни, сәйкесінше, бұл үшін ешқандай да шаралар шамаланбаған. Бұл жерде тек қаржылай реттеу саласы туралы, яғни қаржы нарығының қызметін реттеу және қадағалау саласы туралы сөз болып отыр»,  - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Жиналысқа қатысушылар да қаржы нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыратын жалған қауесеттермен күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша еуразиялық интеграция аясында қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша шешімдерді талқылау және іздеуді жалғастыруға шешім қабылданды.

ҰКП қаржы секторының өкілдерін қаржы заңнамасына үйлестіру жүргізудің негізгі бағыттары мен кезеңділігін, соның ішінде қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісім жобасы бойынша талқылауға белсенді түрде қатысуға шақырады.

Барлық сауалдарыңызбен ҚО ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефон бойынша жүгінуге болады: 8 /7172/ 919-372.

 

ҚР Ұлттық банк Төрағасының Орынбасары Ақышев Данияр Талғатұлының «Қаржы саласындағы (банк саласы, сақтандыру саласы, бағалы қағаздар нарығындағы) Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің заңнамасын үйлестірудегі реттегіш ролі» тақырыбындағы сөйлеген сөзімен мына жерде танысуға болады.

«Қаржы нарығын реттеу» XVI Бөлімімен және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың оған қосымшасымен мына жерде танысуға болады.

Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісім жобасымен мына жерде танысуға болады.

Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарығында жағдай жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, соның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы Келісім жобасымен мына жерде танысуға болады.

Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы Төрағасының Кеңесшісі Өтеғұлов Мәулен Амангелдіұлының «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ҚР қаржы нарығының даму келешегі» тақырыбында сөйлеген сөзімен мына жерде танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер