astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел ішінде алтын өндіруді дамытуға қолдау көрсетеді

2014 жылғы 27 Тамыз
3682 просмотров

 

ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің Хатшылығы ұйымдастырған алтын өндіру саласы мен аффинаж өндірісті дамыту бойынша жиналыста ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева осындай мәлімдеме жасады.

Іс-шараға «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ, «Тау-Кен Алтын» ЖШС, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, «Алтыналмас» АҚ, «Қазақалтын» АҚ және еліміздегі басқа да алтын өндіретін кәсіпорындар өкілдері қатысты.

«ҚР ҰКП «Тау-Кен Алтын» АҚ аффинаж зауытын жүктеу бойынша, ел ішінде жоғары қосылған құны бар дайын өнімді өндіруді қолдау мақсатында кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетпекші», - деп атап өтті Мейрамкүл Дүзбаева.

Сонымен бірге Ұлттық палатаның басқарма төрағасының орынбасары алтын өндіруші кәсіпорындар мен құрамында алтын кездесетін шикізат пен қорытпаны қайта өңдеушілер арасындағы экономикалық мүдде теңгерімін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Жиналыста Қазақстан аумағынан құрамында алтын кездесетін шикізатты әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу төңірегінде әңгіме қозғалды. Сала кәсіпорындарының мәліметіне сүйенсек, қабылданған әкімшілік шара отандық қайта өңдеу қуаттылықтары үшін күтілген әсерді берген жоқ. Бағалы металдардың әлемдік нарығындағы нашарлап кеткен жағдаят аясында алтын өндіруші компаниялардың өндірістік көрсеткіштері төмендеп кеткен.

Жиналысқа қатысушылар Мейрамкүл Дүзбаеваның ҚР ҰКП аясында сала ішілік кооперацияны ынталандырудың экономикалық шараларын дайындау мақсатында алтын өндіруші компаниялардың, қайта өңдеушілер мен қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен арнайы Жұмыс тобын құру туралы ұсынысын қолдады. 

Бір айта кететіні, ҚР ҰКП Тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп Хатшылығының Басшысы Евгений Больгерт хабарлағандай, Палата алаңында жақын арада ҚР ҰКП тарапынан қолдау шараларын жасау мақсатында ағымдағы проблема төңірегінде алтын өндірушілер тыңдалатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер