astana-view

Жекешелендірудің 2014 жылғы 25 тамыздағы жағдайы бойынша қорытындысы

2014 жылғы 29 Тамыз
3265 просмотров

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерінің тізбесіне сәйкес «жекешелендірудің екінші толқыны» бойынша үстіміздегі жылдың 25 тамызына  28 объекті, жалпы сомасы 1 077,5 млн. теңгеге сатылды. Соның ішінде коммуналдық меншік бойынша 12 объекті (80, 3млн. теңге) және 16 мемлекеттік холдингтердің және ӘКК (999, 8млн. теңге).

11 объекті бәсекелестік ортада сатылды, атап айтқанда, 6 - аукциондарда; 5 - тендерлерде (1 инвестициялық және 4 коммерциялық) және 17 - ЖШС-дің сатып алу артықшылығы құқығымен  (соның ішінде 3 коммуналдық меншік объектісі және 14 мемлекеттік холдингтердің объектісі),

Нәтижесінде сатып алушылар болғандар: 15 жеке тұлға, 12 заңды тұлға және 1 жеке кәсіпкер.

Сатылған 28 объектінің сатып алушылары аумақтар бойынша осылайша бөлінеді:

 

Орналақан жері

барлығы

жеке

тұлғалар

заңды тұлғалар

жеке кәсіпкерлер

Алматы қаласы

8

4

4

 

Қостанай облысы

5

3

2

 

Ақтөбе облысы

4

1

2

1

Шығыс Қазақстан облысы

3

3

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

2

2

 

 

Жамбыл облысы

2

 

2

 

Астана қаласы

1

 

1

 

Қызылорда облысы

1

1

 

 

Қарағанды облысы

1

1

 

 

Резидент еместер

1

 

1

 

БАРЛЫҒЫ:

28

15

12

1

 

Бір тұлғаның екі және одан да көп объектілерді сатып алғаны туралы фактілері жоқ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер