astana-view

Жас бизнесмендерге арналған бастау алаңы

2014 жылғы 28 Тамыз
5006 просмотров

 

Қыркүйек айының 5-7 аралығында, Қазақстандағы Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 34 үй мекен-жайындағы Astana mall MultiSpace ең үлкен коворкинг-орталығында Atameken Startup республикалық бизнес-идеялар байқауы өтеді.

Ісін бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін өткізілетін іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің тапсырысымен және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен «Атамекен Стартап» ҚҚ бүкіл Қазақстан бойынша өткізеді.

Байқаудың бағалы сыйлықтар түріндегі жүлде қоры үш номинация бойынша 3 млн. теңгеден астам соманы құрайды:

1. Өндіріс және қызмет саласындағы ең үздік жоба;

2. Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы ең үздік жоба;

3. Ең үздік әлеуметтік бағдарлы бизнес-жоба.

 

ATAMEKEN STARTUP ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ең алдымен, бұл жұмыстық уикенд. Осы аралықта ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлер өзінің стартап-жобасы бойынша жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Жұма күні кешкілік қатысушылар бір ғана бизнес-идеямен келіп, оны жиналған халыққа таныстырады. Демалыс күндерінің бойында тұжырымдамалар, бизнес-жоспарлар дайындау орын алады да, жобалар менторлардың – бизнес пен технологиялар саласындағы тәжірибелі сарапшылардың жәрдемімен crush-тесттен өтеді. Жұмыс мақсаты – барынша өміршең өнім жасау.

Іс-шараның уақыт жағынан шектелген форматы, жобадғы қатаң тайминг командалардың қатысуын барынша өнімді етеді. Идеяны таныстыруға тек 1 минут беріледі де, финалдық презентацияға – сәл көбірек – 4 минут. Бірінші және соңғы презентация аралығындағы уақыт әрбір команда мен әрбір қатысушының әлеуетін, сондай-ақ оалрдың жасаған өнімінің немесе қызмет түрінің өміршеңдігін байқатады.

Іс-шараға www.atamekenstartup.kz сайтында тіркелуге болады

ЖОБАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Өз идеясын іске асыруға мүмкіндік іздеп жүрген және оны сапалы және тиімді орындауға дайын ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлер. Ұйымдастырушылар идеяның жоқтығы – үйде отыруға сылтау емес, екенін баса айтады. Іс-шарада әрбір қатысушының ұнаған топқа қосылуына да, өзі армандаған топты дәл сол жерде құруға да мүмкіндігі болады.

2012 және 2013 жылдар бойында Қор 20 іс-шара өткізіп, оған шамамен 5 000 адам қатысқан.

Қор 2014 жылы бизнес-идеялардың 3 маусымын өткізу Жоспарын жүзеге асырып, бүгінгі таңда 8 іс-шара өткізіп үлгерген.

Анықтама

Atameken Startup – жастар кәсіпкерлігін насихаттау және дамыту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобасы. Жоба әрекеттегі жобаларға қолдау көрсетіп, жас бизнесмендерге жәрдемдесу үшін өз іс-шараларын бастамалайды.

БАҚ өкілдері байқаудың ашылуына (жұма 18:00) және жексенбі 7 қыркүйекте, сағат 16:30-да Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 34 мекен-жайындағы Astana mall MultiSpace ең үлкен коворкинг-орталығында өтетін финалға шақырылады.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:

«Атамекен Стартап» ҚҚ

Нұрлан Тазабеков, тел. +7 701 766 97 00

email: info@atamekenstartup.kz

Ресми сайт: www.atamekenstartup.kz

Хештег Atameken Startup: #AtamekenStartUp


Еншілес ұйымдар

Серіктестер