astana-view

Бар мәселе салықта

2014 жылғы 04 Қыркүйек
4005 просмотров

«Қазақстанның Тамақ кәсіпорындарының одағы» ЗТБ вице-президенті Айжан Наурызғалиева ҚҚС орнын толтыру таралатын өндірістен экспорт үлесі бойынша шекті 70 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ салалар тізбесін кеңейтуді ұснады.

Сонымен бірге ол соңғы тармақта балық өндірушілері, терілер мен ашытқыларды қайта өңдеушілер, сондай-ақ кондитерлер меңзеліп отырғанын атап өтті. «Біздің ойымызша, бұл осы кәсіпорындардың қаржылай тұрақтылығын бекітіп, осы тауарлар эскпортының өсуіне көмектесетін болады», - дейді www.palata.kz сайтына берген сұхбатында Айжан Наурызғалиева.

Тамақ өнеркәсіпктері одағы басшысының орынбасары салық мәселелерінің бірнеше блоктан тұратындығын түсіндіріп кетті.

«Біздің қауымдастыққа етті қайта өңдеуші, сүт, кондитерлік кәсіпорындар, суды өндірушілер және көптеген басқалары кіреді. Қазірде, Салық кодексінің 272 бабына сәйкес, егер кәсіпкер өндірілген өнімнің 70 пайыздан астамын экспорттайтын болса, ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша төлейтін салалар тізбесі анықталды», - деп атап өтті Айжан Наурызғалиева.

Вице-президенттің сөзіне сүйенсек, келесі бір проблема ҚҚС қайтару мерзімі болып табылады.

«Қазақстан Республикасында алдымен көптеген ықтимал тексерістер жүргізіленді, ал жеңілдікті алу бір жылға дейінгі уақытты алуы мүмкін, не болмаса нешетүрлі бұзушылықтарды сылтауратып, тіптен болдырылмауы да мүмкін. Осы процесті жеңілдету керек деп ойлаймын. Мысал ретінде Ресей тәжірибесін қолдануға болады. Онда орнын толтыру экспортты куәландыратын құжатты ұсынған соң жүреді», - деп түсінік беріп кетті Тағамшылар одағының вице-президенті.

Айжан Наурызғалиева сонымен қатар корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу әдістемесін оңтайландыру қажет деген ойда.

Оның айтуынша, қазірде біздің кәсіпорындар өткен жылдың көрсеткіштерінен есептелген КТС төлеп жүр. Осы себептен ағымдағы жылы кәсіпорынның қиындық шегетін жағдайлары туындайды да, өткен жылғы табыс жанама түрде қосымша ауырпалық кейпін алады. Осының салдарынан бизнес бюджет алдындағы салықтық берешегін жабу үшін кредит алуға банкке баратын жағдайлар да кездеседі.

«Мәселе салықтан босату жайында болып отырмағанын түсінген маңызды. Біз КТС есептеудің салық ақшаны алған соң ғана төленетін кассалық әдісін енгізуді ұсынамыз», - деп баса айтты «Қазақстанның тамақ өнеркәсіптері одағы» ЗТБ вице-президенті Айжан Наурызғалиева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер