astana-view

Ауылдық кәсіпкерлер кепілдіктің жоқтығынан кредит ала алмай жүр

2014 жылғы 03 Қыркүйек
4488 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті Хатшылығының Хатшысы Мырзахмет Өксікбаев ауылдық жерлердегі және бастапқы жобалар үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігіндегі проблемалы мәселелерге түсінік бере келіп, осылай деді.

«Ауылдық жердегі кредиттік ресурстар қолжетімділігінің негізгі проблемалары екінші деңгейлі банктердің АӨК саласын кредиттеуге тартылуының төмен деңгейі, кепілдік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, не болмаса банктердің ауылдағы кепілдікті қабылдамауы болып табылады. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде жеке кредиттеу бағдарламалары жоқ (старт-ап жобалар). Және де, үшіншіденқаржы институттары құжаттар топтамасын ұсыну сапасыздығы себебінен ауыл тұрғындарының өтінімдерін тым ұзақ қарайды», - дейді Мырзахмет Өксікбаев.

Мырзахмет Өксікбаев

ҰКП Аграрлық комитеті хатшылығының басшысы хабарлағандай, биылғы жылдың шілде айында ҚР Өңірлік даму, Ауыл шаруашылық министрліктерінде жұмыс топтары құрылды. Олар ШОБ субъектілерін қаржыландырудың, ауылдық жердегі және бастапқы жобалар үшін кредиттік ресурстар қолжетімділігінің тиімді құралдарын жасап шығуға, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен даму институттарының қарызға қаражат беру тәртібі мен мерзімін оңтайландыруға тиіс.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен министрліктер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-дан кредит алу үшін қарызгерлер ұсынатын құжаттар тізбесін қысқарту және процедураларды жеңілдету мәселелері төңірегінде жиналыстар өтті.

«Ақырында аталмыш мәселелерді шешу бойынша ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі ұсынған Жол картасы жобасын жасап бітіруге және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын талқылауға шешім қабылданды», - деп атап өтті Мырзахмет Өксікбаев.

Атап айтқанда, Хатшының айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағытының аясында мемлекеттік даму институттары тікелей кредит беруші болып табылатын қарызгерлерге кепілдік беру бойынша шектеулерді алып тастауды реттемелейтін, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ЕДБ кредиті бойынша кепілдік ету Ережелеріне сәйкес өзгертулер енгізу ұсынылып отыр.

Сонымен қатар бірыңғай кепілдік ету қорын құра отырып, «Даму» КДҚ, «ҚазАгроГрант» АҚ және «ӘКК» кепілдік ету бойынша әрекеттегі қызметтерді біріктіру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

«ӘКК негізінде кәсіпкерлер үшін (сонымен бірге ісін бастаушылар үшін) тиімді шарттармен кредит беретін өңірлік инвестициялық орталықтарды құру ұсынылуда, сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру бөлінетін болады (50%)», - дейді ҰКП АӨК комитеті Хатшылығының басшысы.

Мырзахмет Өксікбаев сондай-ақ өңірлерде «Жайлау» бағдарламасын, яғни мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және т.б. ӘКК көмегімен «тауарлы кредиттеуді» үлкен көлемде жүзеге асыруға кірісу қолға алынып жатқанын қосты.

Сонымен бірге, аудандық орталықтарда «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсету болжанып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер