astana-view

Еуразиялық экономикалық комиссияда қазақстандық тараптың пікірі ескерілді

2014 жылғы 30 Тамыз
3351 просмотров

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жиырма екінші отырысында техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Консультациялық комитеттің құрамы бекітілді. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары (Басқарма Мүшесі) Рақым Ошақбаев кіреді.

ЕЭК Алқасы сонымен қатар «Кеден одағының техникалық реттемелерін дайындау жоспарын бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасын қазақстандық тарап ұсынысын ескере отырып мақұлдады.

Сонымен, Тараптардың шоғырландырылған ұстанымынаң жоқтығы және реттелмеген қайшылықтардың болу себебінен қазақстандық тарап Кеден одағының Техникалық реттемелерін дайындау жоспарынан жеңіл рельстік көлік, трамвайлар қауіпсіздігі туралы, метрополитеннің қозғалмалы құрамының қауіпсіздігі, су, газ, жылу энергиясы мен электр энергиясын есептеу жүйелері мен құралдарына, мұнай және оларды қайта өңдеу өнімдері көрсеткіштерін өлшеу құралдарына, суды тазалау және суды даярлау үшін қолданылатын реагенттер мен жабдықтарға қойылатын талаптар туралы, медициналық тағайындалудағы бұйымдар қауіпсіздігі туралы тармақтарын алып тастауды ұсынды.

Осыған орай, ЕЭК Алқасы Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Алқа мүшесі  В. Корешковқа Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің өкілетті органдарымен Кеден одағының жоғарыда аталған техникалық реттемелерін дайындау қажеттігі туралы қосымша консультациялар жүргізуді тапсырды. Нәтижелері ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысында баяндалатын болады.

Сонымен қатар, ЕЭК Алқасы қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша «Жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық реттемесі жобасын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу мерзімін мемлекетішілік мақұлдау процесінің ұзақтығы себебінен 2014 жылғы 4 тоқсанға ауыстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер