Палата миссиясы
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2013 жылғы 21 қазан айынан бастап жұмысқа кіріскен ҚР«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Өңірлік палатаның басқару органдары:
1) Бизнес субъектілерден тұратын өңірлік кеңес ө байқаушы орган;
2) Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы ө атқарушы орган.
Аудан деңгейінде 13 облыс ауданында СҚО КП-ның филиалдары мен өңірлік кеңестері бар.
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы - бизнес пен өкіметтің тиімді серіктестіктің негізінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.
СҚО КП қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнестің өкіметпен келіссөз үдерісін нығайту, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу үдерісіне кәсіпкерлерді тартуға бағытталғын.
ӨКП келесі негізгі бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырайды:
- бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді әрекеттестікті ұйымдастыру;
- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік едергілерін азайту;
- өңірлік кәсіпкерлерді шоғырландыру;
- адами капитал сапасының өсуі жіне әлеуметтік серіктестіктің дамытуы;
- кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, ақпараттық әдістемелік қолдау жасау.