astana-view

Орнықты даму және ESG жөніндегі кеңес

Орнықты даму және ESG жөніндегі кеңес – Ұлттық палатаның Басқарма төрағасы міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №199 бұйрығымен құрылған.

Төраға – Якупбаева Юлия Константиновна, Ұлттық палата Төралқасының мүшесі, ESG-клубының тең құрылтайшы, GPI компаниясының серіктесі.

Кеңес экономика салаларында және өңірлер деңгейінде орнықты даму және ESG қағидаттарын енгізу үшін кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді қарым-қатынасын үйлестіруді  қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Ұлттық палатаның Экология және тұрақты даму департаменті - Кеңестің жұмыс органы.

Кеңестің мақсаты – бизнес өкілдерінің тұрақты даму күн тәртібін және ESG іске асыруға бағытталған іс-шараларды (реформалар, реттеу, бастамалар, мемлекеттік қолдау шаралары және т.б.) әзірлеуге және талқылауға қатысуын қамтамасыз ету үшін сенімді алаң құру.

Кеңес міндеттері:

  1. Бизнестің шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыру және салалық заңнамада және мемлекеттік қолдау шараларында орнықты даму және ESG күн тәртібін іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен, мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен (одақтармен), ғылыми қоғамдастық өкілдерімен, халықаралық институттармен және орнықты даму мәселелері жөніндегі ұйымдармен, ESG және кез-келген меншік нысанындағы өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  3. Тиісті салаларда және өңірлер деңгейінде жетекшілік ететін мемлекеттік органдармен бизнес ұсыныстарын пысықтау;
  4. Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының іс-шараларын іске асыру кезінде бизнес мүдделерін білдіру, проблемалар мен ұсыныстарды қарау;
  5. Экономиканың салалары мен секторлары деңгейінде орнықты даму тетіктері мен қағидаттарын және ESG енгізу бойынша әдістемелік, талдамалық және ақпараттық материалдар мен әдістемелік ұсынымдар дайындау;
  6. Орнықты даму және ESG тетіктері мен қағидаттарын енгізу бойынша табысты практиканы тираждау (тарату), «Орнықты даму чемпиондарының» тізбесін қалыптастыру;
  7. Орнықты даму тетіктері мен қағидаттарын және ESG практикаларын, сондай-ақ тиісті жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша ақпараттық және әдіснамалық қолдау көрсету;
  8. «Жасыл» және орнықты жобалар нарығын дамытуға жәрдемдесу;
  9. Орнықты даму саласындағы цифрландыру тетіктерін және жасыл жеткізу тізбегін енгізу тәжірибесіне жәрдемдесу;
  10. Халықаралық күн тәртібіне қатысу, ESG-күн тәртібіне және т.б. арналған іс-шараларды (конференциялар, форумдар, көрмелер және т.б.) өткізу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер