Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің Ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес
Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің Ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес – Ұлттық палата Басқармасының 2023 жылғы 2 қарашадағы №45 шешімімен құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің тең төрағалары:
- Заитова Светлана Александровна – «Қазақстандық регистр» ӨРҰ» ЗТБ президенті;
- Хасенов Марат Майданұлы – «Қазақстан Республикасының өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті.
Ұлттық палатаның Экология және тұрақты даму департаменті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің мақсаты – техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің міндеттерін жедел әрі жүйелі шешу.
Кеңестің қызметі техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің орнықты және бәсекеге қабілетті ұлттық нарығын қалыптастыруға ықпал ететін стратегияларды, стандарттар мен практикаларды бірлесіп дамыту үшін техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қоғамдастықты нығайтуға бағытталған.
Кеңес міндеттері:
- Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің тұрақты және бәсекеге қабілетті ұлттық нарығын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында техногендік қауіпсіздікті кәсіби қамтамасыз ету арқылы тұрақты даму қағидаттары мен мақсаттарын енгізу;
- Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен, мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен (одақтармен), ғылыми қоғамдастықтардың өкілдерімен, халықаралық институттармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Техногендік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптау;
- Техногендік қауіпсіздік саласындағы ұлттық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастыру.
Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтерге мыналар жатады:
- қауіпсіз еңбек жағдайлары саласында оқыту жүргізу;
- ғимараттар мен құрылыстарға, металл конструкцияларына зерттеу жүргізу;
- қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу;
- газ тұтыну жүйелеріне қызмет көрсету;
- қауіпті өндірістік объектілерде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және т.б.