astana-view

БАҚ өкілдері арасында байқау

«Атамекен» БАҚ өкілдері арасында байқау жариялайды

Үздік журналистік жұмыстар анықталмақ

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы ­– ­2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы артықшылығы мен жетістігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық байқау жариялайды.

Байқау келесі аталымдар бойынша жүргізіледі:

Баспасөз БАҚ-та жарық көрген үздік сараптамалық материал;

-Телевизиядағы үздік репортаж: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм;

-Интернет-БАҚ- та жарық көрген үздік сараптамалық материал;

-Үздік радио-сюжет.

Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатыса алады.  Байқауға штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.

Байқаудың мақсаты ­– «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының, қазақстандық кәсіпкерліктің ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы артықшылықтарын насихаттау.

Байқауға 2017 жылдың 1 қаңтар мен 15 тамыз аралығында БАҚ көздерінде: мерзімді баспа басылымы, теле-, радио арна және интернет-ресурсында жарық көрген материалдар қабылданады. Материалдардың бірегейлігі, мазмұны, тақырыптың ашылуы, деректердің нақтылығы, тіл тазалығына мән беріліп, қатаң тексеріледі.

Өтінімдер 2017 жыл 15 қыркүйекке дейін қабылданады.   

Байқау ережесі

Еншілес ұйымдар

Серіктестер