astana-view

Оқу бағдарламасы

«Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне

практикалық оқыту бағдарламасы

 

Топта оқытудың жалпы ұзақтығы: 80 сағат

Топта кеңес берудің жалпы ұзақтығы: 120 сағат

 

Оқыту 12 модульден тұрады. Оқытуға психологиялық бейнесін (кәсіпкерлікпен айналысуға бейімділігін) анықтау үшін онлайн-тестілеуді өткен жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар жіберіледі

 

Модуль атауы

Сипаттамасы

Сағат саны

 

«Кіріспе. Бизнес-ойлау психологиясы»             1-модулі

«Бастау» жобасының мақсаты мен міндеттері. «Атамекен» ҰКП қызметімен таныстыру. Кәсіпкерлік психологиясының негіздері. Жобаға қатысушының психологиялық бейнесін анықтау. Тайм-менеджмент

6 сағат

«Стартап, ШОБ және агробизнесті мемлекетік қолдау шаралары»

2-модулі

ШОБ мемлекеттік қолдау инструменттері

– Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, «БЖК 2020», «Агробизнес 2017-2021» және т.б. бағдарламалар (шағын несиелеу, кепілдендіру, субсидиялау). ШОБ субьектілері үшін несиелеу ерекшеліктері. Шағын несиелеуді алу кезеңдері мен қажетті құжаттар тізімі

4 сағат

«Бизнес-идеяны таңдау. Нарықты зерттеу» 3-модулі

Бизнес-идеяның табыстылығын (өміршеңдігін) талдау, тауардың/көрсетілетін қызметтің өткізу нарығын талдау

8 сағат

«Маркетинг негіздері» 4-модулі

Маркетинг стратегиясы, саралау, әлеуетті бәсекелестіктерден артықшылығын айқындау,

 нарықтағы өз тауашасын табу (бірегей сауда ұсынысын қалыптастыру), соның ішінде ауылшаруашылығы саласында. Практикалық маркетингтік зерттеу (үй аралау)

10 сағат

«Өткізу нарықтары»                  5-модулі

Өткізу нарықтарының түрлері. Нарық сыйымдылығы, мақсатты аудитория қажеттіліктерін талдау 

4 сағат

 «Ауыл  шаруашылығы кооперациясы және кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері» 6-модулі

Ауыл шаруашылығы кооперациясының түрлері, ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау құралдары.  ЖҚШ негізіндегі ауыл шаруашылығы кооперациялары. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы агробіліктілік негіздері. Өндірістік мини-цехтар, сервис және қызмет көрсету кәсіпорындарын ұйымдастыру негіздері

10 сағат

«Бизнес-жоспарлау негіздері» 7-моделі

Бизнес-жоспар ұғымы, бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеттері, бизнес-жоспардың құрылымы,  бизнес-жоспардың бөлімдері (нарықты талдау, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өндірістік бөлімдері). Кәсіпкердің қолда бар ресурстарын талдау. Жобалық менеджмент

8 сағат

«Бизнес-жобаның техника-экономикалық негіздемесі (ТЭН), қаржылық моделі» 8-модулі

Қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспардың қаржылық моделінің негізгі ұғымдары. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі. Жоба рентабельдігі, түсімдер жоспары, ақшалай қаражаттың қозғалысының болжамы, «шығынсыздық нүктесі».

8 сағат

«Салық режимдерінің ерекшеліктері»                 9-модулі

Салық режимдерінің түрлері: оңтайлы салық режимін таңдау, арнайы салық режимі, шаруа/фермер қожалықтары үшін салық салу режимдері. Салықтық есептілік түрлері.

6 сағат

«Бизнесті құқықтық сүйемелдеу»                    10-модулі

Рұқсат беру жүйесі: ШОБ-тың салаларын реттеуші рұқсаттамалар, лицензиялар, ережелер мен стандарттар. Негізгі заңнамалық құжаттарын жасау негіздері мен ережелері (шарттар, келісімшарттар және т.б.). Кәсіпкерлік қызметті, соның ішінде АӨК саласындағы (санитарлы және фитобақылау, СЭС)  мемлекеттік тексерулер. Персоналды басқару.

8 сағат

«Бизнеске арналған электрондық көрсетілетін қызметтер негіздері» 11-модулі

Электрондық үкімет порталдары, жеке кабинетте жұмыс жасау дағдылары (www.pki.gov.kz және www.egov.kz); ЭЦҚ алу және пайдалану тәртібі, электронды көрсетілетін қызметтер алу тәртібі мен тәсілдері, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталы www.goszakup.gov.kz, электрондық коммерция және т.б. 

2 сағат

«Бизнес-жобаны қорғау» 12-модулі

Жұрт алдында сөз сөйлеу негіздері, келіссөздер жүргізу дағдылары, шешендік өнер, құрылымдық презентация (өзін-өзі таныстыру) дағдылары. Бизнес-жобаны қорғаудың тәжірибелік жұмысы

6 сағат

Барлығы

80 сағат

 

Жеке кеңес беру кестесін апта сайынғы кезеңділікпен аудандық жоба үйлестірушісі қалыптастырады.

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер