astana-view

Кәсіпкерлерді не толғандырады?

2015 жылғы 09 Желтоқсан
5888 просмотров

ҚР Бас прокуратурасында Ғани Қасымовтың төрағалығымен Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – қоғамдық тамақтануға арналған коммуналды меншік нысандарын жалға алушыларға қатысты. Мемлекеттік меншік нысандарын жалға беру тәртібіне енгізілген өзгерістерге байланысты коммуналдық меншік нысандарын жалға беру құны 9 есе артқан. Жалға берілетін нысандардың көп бөлігі оқу орындары мен әскери бөлімдердегі асханалар саналады.

Атап өткен жөн, тәртіпке өзгеріс енгізбес бұрын, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тәртіп жобасын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті сараптама жұмыстарын жүргізуге тапсырмаған. Негізінде, бұл «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға қайшы. Осыған қарамастан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселеге араласқанымен, жалға алушы кәсіпкерлер үшін өзекті болған мәселе шешімін әлі таба қойған жоқ.

Кеңесте қаралған келесі мәселе жергілікті атқарушы органдардың ҚР Бюджет туралы заңнамасын тиісті деңгейде орындамауына қатысты. Сондай-ақ, кәсіп иелері мен жергілікті шенеуніктер арасындағы өзара байланыс жайы сөз болды.

Бюджеттік Кодекске сай, кәсіпкерлікке қатысты бюджеттік комиссиялар жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысуы керек екендігі белгіленген. Алайда, бүгінгі таңда Ұлттық палата өкілдері тек 2 облыс, Маңғыстау және Павлодар облыстарының ғана бюджеттік комиссиясы құрамына енген.  

Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыс билігі Ұлттық палата өкілдерін тек бизнеске қатысы бар бюджеттік комиссиялар отырысына ғана қатыстырамыз деп ашық жария еткен. Таңғаларлығы сол, Палата құрылған 2,5 жыл мерзім аралығында бірде-бір бюджеттік комиссия жұмысына араласпаған.

Жергілікті деңгейдегі тағы бір мәселе – аудандарды дамыту мен әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында қызмет ететін қоғамдық бірестіктер мен қоғамдық қорлардың жұмыстарына қатысты. 

Белгілі болғандай, қоғамдық ұйымдар, аудандық әкімдіктер мен жергілікті кәсіпкерлермен үшжақты келісімшарттар жасасып келген. Меморандум шарттары бойынша кәсіпкерлер қор қызметін қаржыландыруға міндеттелген. Бизнес бөлген миллиондаған қаржы жергілікті атқарушы органдар қызметін қаржыландыруға жұмсалған. Атап айтқанда, коммуналдық меншік нысандарын жөндеу жұмыстарына бөлініп отырған.

Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі Кеңесте талқыланған 4-мәселе – мемлекеттік билік органдары қызметіне қатысты. 

Анығырық айтқанда, мемлекеттік кіріс Комитеті жалған кәсіпкерлік деректерін сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын  жүргізуге байланысты кейбір кәсіпкерлерге қосымша салықтық есеп беру жөніндегі түбіртек таратқан. Осылайша, кәсіпкерлерді қосымша салықтық есеп жүргізуіне мәжбүрлеген.

Салық заңнамасы бойынша жалған кәсіпкерлік келісімдерінің барлығы бірдей жарамсыз деп есептелмейді, тек күшіне енген сот шешімі арқылы ғана анықталады.

Сонымен қатар, шетелден әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждың дифференциалды тарифтік мөлшерлемесіне қатысты мәселе талқыға түсті.

Ұлттық палатаға сыртқы экономикалық қызметі тобына қатысушылардан жеңілдетілген кедендік баж мөлшерлемесі бойынша әкелінетін тауарлар бойынша кеден органдарының әрекетіне қатысты өтініш арыз түскен.  Кеден қызметкерлері тауардың баж төлеміне қатысты жеңілдік қарастырылған мерзімнің өтіп кетуін негізге ала отырып, кедендік баж көлемін артырған. Кәсіпкерлер үшін түсініксіз болға бұл жайт тиісті өкілетті органдар қатысуымен өткен кеңесті қызу талқыға түсті. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер